«ЖАҺАНДЫҚ КӨШІ-ҚОН ТОЛҚЫНДАРЫ: ЖАҢА ОҢТҮСТІК КӨШІ-ҚОН АҒЫНДАРЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

  • 14.03.2024 11:44
  • Қожа Ахмет Ясауи университеті

image

Оқу ордамызда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директор орынбасары Женгизхан Жаналтай «Жаһандық көші-қон толқындары: Жаңа оңтүстік көші-қон ағындары» тақырыбында семинар өтті.

Аталған семинар Экономика, басқару және құқық факультеті «Халықаралық қатынастар» кафедрасы мен Халықаралық қатынастар клубының «Жас дипломаттарға семинар» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Жиын барысында жаһандық көші-қон мәселесі адам құқықтарымен ұштастырылып, көші-қон және адам құқықтары ұғымдары теориялық тұрғыдан талданды. Қазіргі уақытта әлемдік деңгейде 110 миллион босқынның бар екені айтылды. Жаһандық көші-қон толқындарының көбеюіне елдердің ішкі саяси жүйелеріндегі адам құқықтары мен экономикалық мәселелердің басым себеп болғаны баяндалды.

Семинар соңында қатысушылар аталған тақырыпқа байланысты көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алып, пікір алмасты.