«АЛҚОҢЫР» ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ ЛЕКЦИЯ-КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Бүгін университетімізде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына, Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына және Сауран Елеуовтің 70 жылдығына арналған «Алқоңыр» фольклорлық ансамблінің лекция-концерті өтті.
Шараны Өнер, медиа және дизайн факультеті мен Түркістан облысының Мәдениет басқармасына қарасты Конгресс Холл көпсалалы кешені ұйымдастырды.
Іс-шараның ашылуында Өнер, медиа және дизайн факультетінің деканы Дархан Елжанов сөз сөйлеп, «Алқоңыр» ансамблінің жетекшісі, университетіміздің аға оқытушысы, Құрмет орденінің иегері Еркін Нұрымбетовке шығармашылық еңбегі мен мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, арнайы сыйлықтар табыстады.
Шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерт барысында «Алқоңыр» ансамблінің сүйемелдеуімен Шәмші Қалдаяқов, Абай Құнанбайұлы және Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары орындалды. Сонымен қатар «Көшпенділер», «Ақжелең», «Балдырған» секілді күйлер тыңдарманға ұсынылды.
Сондай-ақ, концерттік бағдарламада университетіміздің түлегі Бекболат Серіков те өнер көрсетті.
Концерт барысында лекция форматындағы таныстырылым өтті. Еркін Нұрымбетов студенттерді ұлттық аспаптардың тарихымен және олардың үндік ерекшеліктерімен таныстырды.