ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ
Ғылыми әлеуетті дамытуға бағытталған жиынға оқытушы-профессорлар құрамы, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Аталмыш іс-шара «Оңтүстік Қазақстан өңірінің тұрақты дамуы үшін инновациялық технологияларды дамыту және заманауи инфрақұрылым құру» атты ғылыми жоба аясында ұйымдастырылды.
Басты мақсат – университет ғалымдарының ғылыми белсенділігін арттыру, олардың зерттеу нәтижелерінің танымалдылығын кеңейту, жарияланымдардың сілтеме алу көрсеткіштерін көбейту және соның нәтижесінде зерттеушілердің Хирша индексін (h-index) көтеруге әдістемелік және практикалық қолдау көрсету.
Аднан Йазыджы ең алдымен Түркістан қаласына, оның ішінде Ахмет Ясауи университетіне келгеніне қуанышты екенін жеткізді.
Келесі кезекте, профессор ғылыми нәтижелердің халықаралық деңгейде танылуы үшін зерттеу этикасының, деректердің нақтылығы мен ғылыми стильдің маңызын атап өтті. Сондай-ақ, Хирша индексін арттыру үшін ұзақмерзімді стратегиялық жоспар құрудың, ғылыми топтар арасында белсенді байланыс орнатудың маңызын саралады.
Жиын соңында қатысушылар ғылыми әлеуетті арттыру жолдары бойынша өз тәжірибесімен бөліскен спикерге алғыстарын айтты.