❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

«КИМЕШЕК ДӘСТҮРІ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ҚАЗЫНАСЫ, ПАРАСАТТЫҢ АЙНАСЫ» АТТЫ ТАНЫМДЫҚ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

  • 06.03.2026
  • KZ
  • 21

image

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Кимешек дәстүрі – ұлттың рухани қазынасы, парасаттың айнасы» атты танымдық мерекелік іс-шара өтті. Жиынды «Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету» бөлімі мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе  ұйымдастырды.

Іс-шараға облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы құрылым өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігі, студенттік Ассамблея мүшелері, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Басты мақсат – қазақ халқының ұлттық мұрасы саналатын кимешектің тағылымдық мәнін кеңінен насихаттау, аналардың қоғамдағы рөлін дәріптеу және ұлттық құндылықтарды ұлықтау.

Мерекелік жиында Әлеуметтік-мәдени даму  даму вице-ректоры Еділ Төлегенов сөз сөйледі. 

Шара барысында ұлттық киімнің тәрбиелік және рухани маңызы кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, университет психологы Ләззат Мырзашева баяндама оқып, кимешектің ананың парасаты мен болмысының айнасы екеніне тоқталды. 

Сондай-ақ, Ерекше білім беруді қолдау орталығының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Гүлсара Тоққұлова ұлттық дәстүрді сақтау жолындағы аналардың рөлі туралы ой бөлісті. Ал Түркістан облыстық өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігі Аналар кеңесінің төрағасы Мухаббат Ибрагимова көпэтносты қоғамдағы аналардың бірлік пен келісімді нығайтудағы маңызын атап өтті.

Мерекелік бағдарламаны «Шежіре», «Әжелер» ансамбльдерінің әсерлі өнер көрсетулері мен студентіміз Шахмардан Бекарысұлының аналарға арналған ән шашуы көркемдей түсті. Сонымен қатар, шараға қатысқан нәзік жандыларға гүл шоқтары табысталды. 

Тағылымды басқосу ұлттық дәстүрді дәріптеу мен аналар мәртебесін асқақтатуға бағытталған мазмұнды әрі рухани кешке айналды.