«BILIM-KAZYNA» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫМЕН МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ

Университетіміздің ректор өкілі м.а. Наджи Генч пен «BILIM-KAZYNA» қоғамдық қорының президенті Сейдмұхаммед Абдунаим қос мекеме арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты растаушы құжатқа қол қойды.
Меморандумның мақсаты – кадрлар даярлау саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ осы салада өзара қызығушылықты білдіретін ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру.
Кездесу барысында тараптар ортақ жобаларды іске асыру туралы талқылады. ОПҚ мен студенттердің тәжірибе алмасуына және біліктілігін арттыруға жағдай жасау жөнінде әңгіме өрбітті.