❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

ТҮРКИЯНЫҢ ӘДІЛЕТ ЖӘНЕ ДАМУ ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ КЕЛДІ

  • 21.11.2025
  • KZ
  • 39

image

Университетімізге Түркия Республикасының Әділет және даму партиясы төрағасының Түркі елдерімен байланыс жөніндегі орынбасары Куршад Зорлу арнайы келді. 

Құрметті қонақты университет ректоры Жанар Темірбекова мен ректор өкілі м.а Нажи Генч пен Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу  қарсы алды. Басқосуға  Түркия Республикасының Түркістандағы Бас консулы Левент Гүржан да қатысты.

Кездесуде ректор Жанар Темірбекова Түркия Республикасының Әділет және даму партиясы төрағасының Түркі елдерімен байланыс жөніндегі орынбасары Куршад Зорлуға университетіміздің терең тарихын таныстырды. Оқу ордамыздың республикалық және әлемдік білім аренасындағы орны жөнінде баяндады. Ең бастысы – түркі мемлекеттерінен жиналған жастарға жоғары білім беруде атқарар рөлі мен маңызын жеткізді. Университет қабырғасында соңғы жылдары өткен түрлі халықаралық деңгейдегі ғылыми және мәдени іс-шаралар, симпозиумдар мен конференцияларды тілге тиек етті.

Белгілі саясаткер Куршад Зорлу да өз кезегінде түркі жұртының рухани астанасы Түркістанға, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне келгеніне қуанышты екенін жеткізді. Оқу орданың ғылыми әлеуеті мен түркі мемлекеттері арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ризашылығын білдірді.

Жиын соңында қонақтар мен университет басшылығы естелікке суретке түсті. Одан әрі қарай, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті.