Өмірбаян
28.04.1964 ж. Талдықорған облысында дүниеге келген.Білімі жоғары. Қарағанды қаласы, Қарағанды педагогикалық институты «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы. 1984-1988 жж.Еңбек жолы. 1988 -1993 жылдар аралығында Шымкент облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылында, Ленин атындағы орта мектепте, 1993-1998 жылдар аралығында Шымкент қаласында № 26 орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды. 2003-жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне, «Педагогика» факультетіне оқытушылық қызметке қабылданды. 2004-2007 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Педагогика» факультетіне деканның оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2012-2024 оқу жылдарында «Педагогика және психология» кафедрасында кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. 2014-2025 оқу жылдарында «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасында кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Ғылыми атағы: Педагогика ғылымдарының кандидаты. 2008 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы БД 14.61.35 біріккен диссертациялық кеңесіне , 13.00.01 – «Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2008 жылғы 22-декабрдегі (№13 хаттама) шешімімен педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілген. Қазақстанның педагогикалық академиясының ғылыми қауымдастығына мүше. «Ұлағат» және Ұлағатты ұстаз,Ясауи төс белгісінің иегері.Ғылыми еңбектері. Жүзге жуық ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалардың және 2-монография, 5 оқу құралы, 1 электрондық оқулықтың авторы.Еңбек өтілі: жалпы 38 жыл, педагогикалық 32.Шәкірттері.Қазақстан Республикасы ЖОО-ы студенттерінің пәндік олимпиядасына командасы 3 орын, 3-шәкірті, ҚР ЖОО-ы студенттерінің ғылыми-теориялық конференциясының қортындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің 1-дәрежелі және 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. 20
Басқару қызметтері
-
Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетіФакультет директорлар кеңесінің мүшесі
-
Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасыКафедра меңгерушісі
Оқу ақпараттары:
-
Қарағанды педагогикалық институты
Бакалавр -
ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
Ғылым кандидаты


