❝Учение - это свет для сердца и свет для разума.❞
     Ахмед Ясави
team
Рысбекова Айман Калышбаевна
Телефон
Электронная почта
Здание
3 bina
Отдел
Кафедра дошкольного и начального образования
119

Биография

28.04.1964 ж. Талдықорған  облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Қарағанды қаласы, Қарағанды педагогикалық институты «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы. 1984-1988 жж.

Еңбек жолы. 1988 -1993 жылдар аралығында Шымкент облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылында, Ленин атындағы орта мектепте, 1993-1998 жылдар аралығында Шымкент қаласында № 26 орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды.

   2003-жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне, «Педагогика» факультетіне оқытушылық қызметке қабылданды.

  2004-2007 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  «Педагогика»  факультетіне деканның оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

     2012-2024 оқу жылдарында  «Педагогика және психология» кафедрасында кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. 2014-2025 оқу жылдарында  «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасында кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.

 Ғылыми атағы: Педагогика ғылымдарының кандидаты.  2008 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы БД 14.61.35 біріккен диссертациялық кеңесіне ,   13.00.01 – «Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2008  жылғы 22-декабрдегі (№13 хаттама) шешімімен педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілген.

     Қазақстанның педагогикалық академиясының ғылыми  қауымдастығына мүше. «Ұлағат» және Ұлағатты ұстаз,Ясауи  төс белгісінің иегері.

Ғылыми еңбектері. Жүзге жуық  ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалардың және 2-монография, 5 оқу құралы, 1 электрондық оқулықтың авторы.

Еңбек өтілі: жалпы 38 жыл, педагогикалық 32.

Шәкірттері.Қазақстан Республикасы ЖОО-ы студенттерінің  пәндік олимпиядасына командасы  3 орын, 3-шәкірті, ҚР ЖОО-ы студенттерінің ғылыми-теориялық конференциясының қортындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің 1-дәрежелі  және 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

20

Уровень

Кандидат наук, Заведующий

Образование

  • Қарағанды педагогикалық институты
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

Сертификаты

  • Certificate (2024 г.)
  • Тайм-менеджмент для профессиональной и личной продуктивности (2023 г.)
  • Инновационные методы и современные технологии преподавания педагогических дисциплин. (2022 г.)
  • Инклюзивное образование (2022 г.)
  • менеджмент образования в высшем учебном заведении (2020 г.)
  • (МОН РК Өрлеу ) современные педагогические технологии вузов в рамках обновленного содержания образования. (2019 г.)
  • Методы применения критериального оценивания на уроках в рамках обновленной образовательной программы по педагогическим специальностям (2018 г.)

Напишите нам

Вы можете отправить нам сообщение, заполнив форму ниже.