Тасова Асел Баймурзаевна1988 жылы 3 сәуірде Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы.Білім жолын 2005 жылы Түркістан қаласындағы №5 Ғани Мұратбаев атындағы мектебін үздік аяқтаудан бастаған. Сол жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Педагогика және психология» мамандығына оқуға түсіп, 2009 жылы аталған мамандық бойынша бакалавр дәрежесін иеленген. Білімін одан әрі жалғастыра отырып, 2009-2011 жылдар аралығында осы университеттің магистратурасында «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқу жоспарын толық меңгеріп, педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.2016 жылы ғылыми ізденісін жалғастыру мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 6D010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша докторантураға оқуға қабылданған. 2018 жылдың 30 желтоқсанында 6D010000 – Білім (гуманитарлық ғылымдар) диссертациялық кеңесінде «Бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативті креативтілігін қалыптастыру» тақырыбында диссертациялық жұмысын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін иеленген.2009 жылдың қазан айынан бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде педагогикалық қызметін бастаған. Осы уақытқа дейін университет қабырғасында оқу үдерісін ұйымдастырумен қатар, ғылыми-әдістемелік бағытта да белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған 30-дан астам ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрген. Оның ішінде ғылыми мақалалар, оқу құралдары мен конференция материалдары бар. Ғылыми-зерттеу еңбектеріндегі нәтижелері халықаралық және отандық ғылыми журналдарда жарияланған. Ғылыми көрсеткіштері бойынша h-индексі 1-ге тең.Педагогикалық қызметінде студенттермен, магистранттармен және докторанттармен белсенді жұмыс жүргізіп, жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытуға үлес қосуда. Қоғамдық іс-шараларға белсене араласып, университеттің ғылыми және әлеуметтік өміріне елеулі үлес қосып келеді.
Баскару қызметтері
Кафедра меңгерушісі
Бөлім
Педагогика және психология кафедрасы
Kısa Bilgi
Кафедра меңгерушісі, PhD., аға оқытушы
Факультет кеңесінің мүшесі
Бөлім
Педагогика және психология кафедрасы
Kısa Bilgi
Факультет кеңесінің мүшесі, PhD., аға оқытушы
Оқу ақпараттары:
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Бакалавр
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Магистратура
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ PhD (Докторантура)
Ғылыми метрикалар
ORCID
ORCID ID0000-0001-6476-7874
Тағылымдама / Сертификат:
Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту (2024 г.)
Grand Index на платформе Web of Science (2024 г.)
Сторителлинг және ықпал: нәтижелі коммуникация (2023 г.)
Педагогикалық пәндерді оқытудың инновациялық әдістері мен заманауи технологиялары (2023 г.)
Психологиялық пәндерді оқытудың инновациялық әдістері мен заманауи технологиялары (2022 г.)