❝Öğretim kalp için ışık, akıl için ışıktır.❞
     Ahmet Yesevi
team
Tasova Asel Baimurzaevna
Dr., Kıdemli Okutman
Телефон
Bina Adı
3-корпус
Birim
Pedagoji ve Psikoloji Bölümü
Oda No
236

Biyografi

Тасова Асел Баймурзаевна1988 жылы 3 сәуірде Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы.Білім жолын 2005 жылы Түркістан қаласындағы №5 Ғани Мұратбаев атындағы мектебін үздік аяқтаудан бастаған. Сол жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Педагогика және психология» мамандығына оқуға түсіп, 2009 жылы аталған мамандық бойынша бакалавр дәрежесін иеленген. Білімін одан әрі жалғастыра отырып, 2009-2011 жылдар аралығында осы университеттің магистратурасында «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқу жоспарын толық меңгеріп, педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.2016 жылы ғылыми ізденісін жалғастыру мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 6D010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша докторантураға оқуға қабылданған. 2018 жылдың 30 желтоқсанында 6D010000 – Білім (гуманитарлық ғылымдар) диссертациялық кеңесінде «Бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативті креативтілігін қалыптастыру» тақырыбында диссертациялық жұмысын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін иеленген.2009 жылдың қазан айынан бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде педагогикалық қызметін бастаған. Осы уақытқа дейін университет қабырғасында оқу үдерісін ұйымдастырумен қатар, ғылыми-әдістемелік бағытта да белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған 30-дан астам ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрген. Оның ішінде ғылыми мақалалар, оқу құралдары мен конференция материалдары бар. Ғылыми-зерттеу еңбектеріндегі нәтижелері халықаралық және отандық ғылыми журналдарда жарияланған. Ғылыми көрсеткіштері бойынша h-индексі 1-ге тең.Педагогикалық қызметінде студенттермен, магистранттармен және докторанттармен белсенді жұмыс жүргізіп, жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытуға үлес қосуда. Қоғамдық іс-шараларға белсене араласып, университеттің ғылыми және әлеуметтік өміріне елеулі үлес қосып келеді.

İdari Görevler

Bölüm Başkanı
Bölüm Pedagoji ve Psikoloji Bölümü
Kısa Bilgi Bölüm Başkanı, Dr., Kıdemli Okutman
Факультет кеңесінің мүшесі
Bölüm Pedagoji ve Psikoloji Bölümü
Kısa Bilgi Факультет кеңесінің мүшесі, Dr., Kıdemli Okutman

Öğrenim Bilgileri:

  • Ahmet Yesevi Üniversitesi
    Lisans
  • Ahmet Yesevi Üniversitesi
    Yüksek Lisans
  • Ahmet Yesevi Üniversitesi
    Doktora

Bilimsel Metrikler

ORCID
ORCID ID 0000-0001-6476-7874
Staj / Belge:
  • Certificate (2024 г.)
  • Certificate (2024 г.)
  • Certificate (2023 г.)
  • Pedagojik konuların öğretilmesi için yenilikçi yöntemler ve modern teknolojiler (2023 г.)
  • Psikolojik konuların öğretiminde yenilikçi yöntemler ve modern teknolojiler (2022 г.)
  • kapsayıcı eğitim (2020 г.)