Кампустағы өмір:
- Студенттік Парламент
- Жастар ұйымдары
- Студенттер үйі
- Тамақтану орындары
- Мәдениет орталығы
- Спорт және спорттық инфрақұрылым
- Медициналық қызметтер
- Y-PEER QAZAQSTAN
Y-PE
Волонтерлік қозғалыс пен Y-PEER QAZAQSTAN желісінің жас адамдарды ағарту мен кешенді жыныстық білім беруді қолдаудағы рөлі.
Y-PEER – бұл жастарды тең дәрежеде оқытуға бағытталған халықаралық желі (Youth Peer Education), дені сау өмір салтын насихаттайтын және жасөспірімдер мен жастарға өз өмірлері үшін жауапты шешім қабылдауға мүмкіндік беруге бағытталған.
Әлемде 1999 жылы құрылды
Қазақстанда 2003 жылы ашылды
БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ
Жастар көшбасшылығын дамыту, адам құқықтарын, оның ішінде репродуктивті құқықтарды қорғау және «теңге-тең» тәсілімен білім беру арқылы, білімді насихаттау.
Әрбір жүктіліктің қалаулы болуы, әрбір босанудың қауіпсіз өтуі, барлық жастардың өз потенциалын іске асыру мүмкіндігіне ие болуы және әрбір қыз бен әйелге құрметпен қаралуына қол жеткізу.
Мақсат
2022 жылы Түркістан қаласында БҰҰ-Әйелдер мақсаттарын іске асыру шеңберінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл бастама гендерлік теңдікке, әйелдер мен жастарды қолдауға, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысуын арттыруға бағытталған.
Y-PEER ұйымы БҰҰ-ЮНФПА – БҰҰ Халық қорының серіктесі болып табылады. Бұл ұйым репродуктивті денсаулық, жастар құқықтары және демографиялық даму мәселелерімен айналысады. Бес жылға есептелген меморандум аясында жастарды ағарту, зорлық-зомбылықтың алдын алу және көшбасшылық қасиеттерін дамыту бойынша бастамалар жүзеге асырылуда.
Бұл серіктестік Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге және барлық халық топтары үшін тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған.