Бүлдіршіндер қуанышы

Бүгін, 27 желтоқсан күні, Ахмет Ясауи университеті, Мәдениет орталығында оқытушы-профессорлар мен қызметкерлердің балаларына, немерелеріне арналған жаңа жылдық балалар шыршасы өтті.

Мешін жылын шығарып салып отырған университет ұжымы тауық жылын аса қуанышты көңіл күймен қарсы алуда. Дәстүрлі түрде кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен университеттің әрбір қызметкерінің балаларына алдын-ала жеңілдетілген бағада тәтті сыйлықтар үлестірілді. Сондай-ақ, жасыл шырша безендіріліп, балаларға ойыншықтар үлестіріп, бүлдіршіндерді қуанышқа кенелтті.
Сонымен қатар, балалар Түркістан сазды-драма театрының «Жаңа жылдық жалын құс» атты ертегісін тамашалады. Балалар мәз-мейрам болып, тамаша ертегі әлеміне еніп кетті.
Балалар фойедегі үлкен шыршаны тамашалап, Аяз атамен, Ақшақармен естелік суретке түсті. Балақайлар тақпақ, өлең айтып, өнерлерін көрсетті.

Напишите свой вопрос

 

    ×