Салауатты өмір кепілі – спорт!

18 қаңтар күні Ахмет Ясауи университетінде оқытушы-профессорлар және қызметкерлер арасында ҚР Тәуелсіздігінің және университеттің 25 жылдығына арналған факультетаралық дәстүрлі ХХV – қысқы спартакиада ойындарының жабылу салтанаты өтті.

ХҚТУ «Спорт клубы» дәстүрлі Спартакиаданы Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, қалыптастыру және денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырды.

Спартакиаданың жабылу салтанатында Ұйымдастыру және тәрбие істер жөніндегі вице-президент Б.Мухамеджанов, Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президент М.Эрен белсенділік танытқан барлық команда мен ойыншыларға алғысын білдірді.

4 қаңтар басталған спорт ойындарында Әлеуметтік ғылымдар, Гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану, Инженерия, Медицина, Филология факультеттері, Кентау институты, «Түркістан Ахмет Ясауи» колледжі ұжымынан құралған командалар бақ сынасты.

Спартакиада ойыны спорттың 11 түрінен сарапталды. Волейбол (қыздар, ерлер), баскетбол, қол күресі, арқан тарту, тоғызқұмалақ (қыздар, ерлер), дойбы (қыздар, ерлер), шахмат (қыздар, ерлер), жүзу (қыздар, ерлер), эстафета (қыздар, ерлер), стол теннисі (қыздар, ерлер), кіші футбол (ерлер).
15 күн бойы өздерін спорт алаңында сынаған командалар нәтижесі анықталды. І-орынды Кентау институты, ІІ-орынды Инженерия факультеті, ІІІ-орынды Филоология факультеті иеленді.

Сондай-ақ, үздік ойын көрсеткен бірқатар командалар мен ойыншылар «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.

Төмендегі кестеде командалардың 4-18 қаңтар аралығында өткен барлық спорт түрі бойынша еншілеген ұпайлары мен нәтижелі көрсеткіштері беріліп отыр.

Напишите свой вопрос

 

    ×