Қожа Ахмет Ясауи атындағы оқу залы ашылды

Бүгін, 25 қаңтар күні Ахмет Ясауи университеті, Ғылыми кітапхананың 2 қабатында «Қожа Ахмет Ясауи атындағы оқу залының» ашылу салтанаты өтті.

Оқу ордаға есімі берілген ғұлама атындағы оқу залдың тұсаукесер лентасын Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор М.Йылдыз және университет вице-президенті М.Эрен қиып, кітапхана жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, оқу залының ашылу салтанатына І вице-президент, профессор М.Куталмыш, Ғылыми-зерттеу институтының директоры Н.Шимшек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доктор, доценты М.Арслан қатысты.

Ғылыми кітапхана директоры М.Абсеметова Қ.А.Ясауи мұрасымен таныстырып, сөредегі кітаптар туралы баяндап, «Қожа Ахмет Ясауи және оның мұрасы» кітап бұрышында 200-ге жуық ғылыми еңбектер, бағалы кітаптар жинақталғанын да айта кетті.

Төраға М.Йылдыз біраз құнды кітаптарды, журналдарды оқу залына сыйға тартты. Соның ішінде, профессор М.Йылдыз «Ахмет Ясауи университетінің шаралары» атты кітапта «Қожа Ахмет Ясауи жылына» орай Қазақстанда, Түркияда ұйымдастырылған іс-шаралар жазылғанын айтты.
Өкілетті Кеңес төрағасы М.Йылдыз Ақпарат орталығының басшысына сұхбат берді.

Фото:Н.Искаков.
Ақпарат орталығы.

Напишите свой вопрос

 

    ×