❝Учение - это свет для сердца и свет для разума.❞
     Ахмед Ясави
team
Асанова Мәриям Тасболатқызы
Магистр 
Телефон
Электронная почта
название здания
№1 Ректорат
Подразделение
Ассоциация выпускников
Номер кабинета
212

Биография

ӨМІРБАЯН1974 жылдың 1 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы, Балтакөл елді-мекеніне қарасты «Ақкөл» бөлімшесінде қарапайым отбасында дүниеге келді. Әкесі Тасболат пен анасы Шолпаннан 4 ұл, 3 қыздың ішінде 5-перзенті.Жастайынан зерек, талғампаз Мәриям мектепке өз жасынан бір жыл ерте барып, мектептің алдыңғы қатарлы озат оқушысы атанды.1990 жылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті үздік бітіріп, алғашқы еңбек жолын Түркістан индустриалды-педагогикалық техникумында көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі болып бастады.1991 жылы Қостанай педагогикалық институтының (қазіргі Ахмет Байтұрсұнұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті) филология факультетіне оқуға түсті. Отбасылық жағдайына байланысты 1992 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне ауысып, аталмыш университетті тарих-филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 1996 жылы үздік дипломмен бітірді. 1996 жылы  университеттің  ректоры, академик М.Жұрынұлының тікелей қолдауымен үздік бітірушілердің барлығы магистратурада білімін жалғастырып, 1998 жылы Түркі тілдері мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесін алды. Студент кезінде де үздік білімімен қатар қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, көптің ықыласына бөленген М.Асанова көптеген байқауларға қатысып, өзін жан-жақты таныта білген студент болды. Студенттік жылдары жергілікті телеарнада дикторлық қызмет атқара жүріп, түрлі іс-шараларда жүргізушілік жұмысымен көптің ықыласына бөлене білді. Түрлі байқауларға қатысып жүлдегер атанды.Облыс әкімінің бәсіре стипендиясына иелік етті.Жоғарғы білімнен кейінгі алғашқы еңбек жолын 1998 жылы аталмыш университеттің қазақ тілі кафедрасында оқытушы-магистр қызметімен бастады. Декреттік демалыс кезінде Алматы қаласындағы Қайнар, Қазақ-Америка университеттерінің оқытушысы қызметін атқарып, декреттік демалысы біткен соң Ахмет Ясауи университетінде Түркология ғылыми зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері, осы оқу орнында Тәрбие орталығының ұйымдастырушы және жетекші маманы, Сапа менеджменті басқармасының жоғары категориялы инспекторы, менеджері, Гуманитарлық ғылымдар және бизнес институтының ғылыми хатшысы, Оқу-әдістемелік басқармасының мониторинг,  сараптау және тұтынушылармен жұмыс жүргізуші Бас маманы, Бітірушілерді жұмыспен қамту және маркетинг бөлімінің басшысы, Кәсіби бағдар және мансап орталығының директоры, универсиет Сенатының хатшысы, Бас ғылыми хатшы қызметтерін атқарып келді. 2021 жылдан бастап бүгінгі таңда университетте Түлектер қауымдастығының координаторы-атқарушы директоры қызметін атқаруда.М.Асанова басқаруда іс-құжаттары мен хаттамалар жүйесін жақсы меңгерген, мемлекеттік тілде іс қағаздарын  жүргізуде біліктілігі жоғары маман. Өз қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарайды және соны басқалардан талап етеді. Сонымен қатар университеттің Түркияда орналасқан Өкілетті Кеңес басқармасының Түркістандағы үйлестірушісі ретінде қосымша жауапкершілік жүктеліп, университет жұмыстарын сенат, ректораттың Басқару Кеңес мәжілістері мен ресми құжаттарын регламенттік талаптар деңгейінде жүргізумен қатар, басқару қабілеті мен жауапкершілігі жоғары қызметкер санатындағы маман аталды. Университет Бас хатшысы және ректордың сенімді өкілі ретінде М.Асанова нормативтік-құқықтық актілердің, ереже және регламент талаптарының мүлтіксіз орындалуын талап ету арқылы Сенат мәжілісінің күн тәртібіндегі сұрақтардың жоғары деңгейде және сапалы талқылануының, шешімдердің нақты қабылдануының ұйымдастырушысы ретінде таныла білді. Университеттегі қызметінен тыс қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі және тіл жанашыры ретінде қоғамда белсенділік танытып жастармен, жас мамандармен атқарылатын іс-шараларда кәсіби тәжірибесімен бөлісіп келеді. Кез келген жасқа қол ұшын беруге дайын тұратын М.Асанова көмек сұрап келген жастарға бар білгенін үйретіп, сапалы маман етіп дайындаудан шаршамайтын білікті де тәжірибелі маман.Жоғары оқу орындары лидерлерінің білімін жетілдіру байқауынан өтіп,   Назарбаев университетінде  және Сингапур қаласындағы Ли Куан Ю университетінде еліміздің жоғары оқу орындары көшбасшыларымен бірге «коорпоротивті басқару» саласы бойынша тәжірибе алмасып келді. Түркияның бірнеше қалаларында болып, білімін жетілдірді, тәжірибе алмасты. Ана тілі – қазақ тілі. Неміс тілін сөздікпен, орыс және түрік тілдерін ауызекі сөйлеу тілінде меңгерген. Компьютерде (Word, Exsel программасында) еркін жұмыс істейді. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Кез-келген нәрсеге жауапкершілікпен қарайды. Кәсіби байқауларға белсене қатысып, ән айту, өлең оқу, концерт жүргізу қабілетінің арқасында қызметкерлер арасында өтетін кәсіби жүлделі орындарды иеленіп келеді. М.Асанова көпшілікпен тез тіл табысып, өзінің кәсіби білімі мен біліктілігін шығармашылықпен ізденістер жолында таныта білген заман талабына сай қызметкер.  Отбасылы. Күйеуі және тұрмыста бір қызы бар. Дәстүрді мықты ұстанған әулетіне сыйлы келін. Жалпы моральдық құндылықтардың үстемдігі мен әділеттілікті мұрат ете отырып, өмірде шынайылық пен әділдіктің жүргенін қалайтын намысшыл, турашыл тұлға ретінде университет ұжымы таниды және құрмет тұтады.  Өмірлік ұстанымы:  ұлттық құндылықтарды көтеру жәнеСенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,Әуре етеді ішіне қулық сақтап.Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,Ақылың мен еңбегің екі жақтап (АБАЙ)

Административные обязанности

Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры
Департамент Ассоциация выпускников
Kısa Bilgi Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры, Магистр 

Информация об обучении:

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
    Бакалавр
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
    Бакалавр (2 года)
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
    Магистратура
Стажировка / Сертификат:
  • Certificate (2025 г.)
  • Certificate (2022 г.)

Награды и достижения

  • Алғыс Хат (2023 г.)