ӨМІРБАЯНМен, Кошенова Тоты Иманкызы, 1970 жылы 09 маусымда қазіргі Түркістан облысына қарасты, Келес ауданы, Абай елді мекенінде қызметкер отбасында дүниеге келдім. Ұлтым- қазақ, Қазақстан Республикасының азаматымын. Білімім – жоғары. 1977 жылы қазіргі Шәмші Қалдаяқов атындағы орта мектепке 1-сыныпқа оқуға барып, 1987 жылы Амангелді атындағы орта мектепті күміс медальмен бітірдім.1988-1993 жж. Халықтар достығы орденді Низами атындағы Ташкенттің Мемлекеттік педагогикалық институтында оқып, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша Қызыл дипломмен тәмамдадым. 1993-1996жж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-інің күндізгі бөлім аспиранты, 1996-1997жж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і, Түркі халықтары әдебиеті кафедрасының оқытушысы, 1997-2006жж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і, Тіл үйрету орталығының оқытушысы, аға оқытушысы, орталықтың директор орынбасары, 2006-2024жж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і, Қазақ әдебиеті кафедрасының, Қазақ әдебиеті және шығыс филологиясы кафедрасының, Қазақ филологиясы кафедрасының доцентімін. Қазіргі таңда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і, филология факультеті, қазақ филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к..Кандидаттық диссертацияны 1999 ж. «Абайдың өлең жүйесін дамыту дәстүрлерінің ХХ ғасырдың басында жалғасуы» - 10.02.02-шифрі бойынша ҚР ҰҒА, Әдебиет және өнер институтында қорғадым. Әдебиеттану мамандығы бойынша 2009ж. доцент ғылыми атағын алдым. 70-тен астам ғылыми еңбектер, оның ішінде 3 монография және оқу құралы. Impact factor коэффициенті бар рейтингтік журналдарда – 2 мақала, алыс шет елдерде 10-дан астам мақаласы және Білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынатын тізімі бойынша 15 мақала жарияладым. Абайтану, қазақ әдебиетінің тарихы ғылыми бағытым болып табылады. Жалпы еңбек өтілім – 37 жыл; ЖОО-дағы стажы - 28 жыл.Отбасылық жағдайым: екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған анамын.
Сведения об образовании
Образование
Аманкелді орта мектеп
Халықтар достығы орденді Низами атындағы Ташкенттің Мемлекеттік педагогикалық институты