❝Учение - это свет для сердца и свет для разума.❞
     Ахмед Ясави
team
Буркитбаева Меруерт Алпысбековна
Магистр , ст. преподаватель
Телефон
Электронная почта
название здания
4 ғимарат
Подразделение
Кафедра общего академического английского языка
204

Биография

Мен Раманкулова (Буркитбаева) Меруерт Алпысбекқызы 26 қаңтар 1976 жылы Қазақстан Республикасы, Шымкент облысы, Түлкібас ауданы, Қызыл-Әскер селосында дүниеге келдім.      Мен 1983 жылы 1 қыркүйекте Түркістан қаласындағы В.И.Ленин  атындағы  №1 қазақ орта мектебінің табалдырығын аттадым. Осы мектепті 1991 жылы ерекше куәлікпен бітірдім. Сол жылы Түркістан қаласындағы  Ы.Алтынсарин атындағы Түркістан педагогикалық училищесіне мектепке дейінгі білім және тәрбие ісі мамандығына оқуға түстім. 1995 жылы осы оқу орнын мектепке дейінгі білім және тәрбиешісі ағылшын тілін оқыту құқы бойынша бітірдім. Осы жылы Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Шығыстану факультеті, ағылшын тілі мен әдебиеті мамандығына оқуға тсүтім. 1999 жылы аталған оқу орнын филолог, ағылшын тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірдім.       1999 жылдың қыркүйек айында Түркістан медицина колледжінде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы қызметінен бастадым. 2000 жылдың қыркүйек айында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде ағылшын тілі кафедрасында ағылшын тілі пәнінің оқытушысы  болып қызметімді жалғастырдым. 2000 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде ағылшын тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша магистратураға оқуға түстім. 2002 жылы ағылшын тілі және әдебиеті мамандығы бойынша ғылым магистрі атағын алдым. 2016 жылға дейін аталған кафедрада оқытушылық қызметін атқардым. 2016-2019жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Филология факультеті, 6D011700  -  <Қазақ тілі мен әдебиеті> мамандығы бойынша доктарантура оқыдым. 2019 жылдан қазіргі таңға дейін  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Филология факультеті, Жалпыакадемиялық ағылшын тілі кафедрасы, ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы қызметіндемін.          Отбасылымын, екі ұлым бар.

Сведения об образовании

Образование

  • В.И. Ленин атындағы жалпы орта мектеп
  • Ы.Алтынсарин атындағы Түркістан педагогикалық училищесі
  • Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Сертификаты

  • Certificate (2025 г.)
  • Certificate (2025 г.)
  • Certificate (2025 г.)
  • Certificate (2024 г.)
  • Certificate (2024 г.)
  • Certificate (2024 г.)
  • Certificate (2024 г.)
  • Certificate (2024 г.)
  • Certificate (2022 г.)
  • Certificate (2021 г.)
  • Certificate (2020 г.)
  • Certificate (2020 г.)
  • Certificate (2020 г.)
  • Certificate (2020 г.)
  • Certificate (2019 г.)
  • Certificate

Напишите нам

Вы можете отправить нам сообщение, заполнив форму ниже.