Сатып алуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы № 29 мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62.
Сатып алудың әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 23-бабының F – тармағы негізінде Университетттің сайттын әзірлеу бойынша қызметтерді жасатуды сатып алу.
Сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі: тараптар келісім шартқа қол қойған күнінен бастап әлеуетті өнім беруші қызметті 1.09.2020 жылға дейін жеткізуге тиісті.
Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 10 бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұранамыз:
- Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы;
- Сатып алу нысаны болып табылатын тауарды жеткізу саласындағы тәжірибесін растайтын құжаттары;
- Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзіретті органдарға тіркелуі туралы анықтама;
- Әлеуетті өнім беруші тауардың сапа сәйкестігін тексеру мақсатында олардың үлгілерін, каталогтарын немесе суреттерін өткізуге тиіс.
- Әлеуетті өнім беруші ҚҚС төлеуші болса сатып алынатын тауарлар бойынша ұсынған баға ұсынысының ішінде ҚҚС қарастыру керек.
- Конкурсқа қатысуға және шарттық кепілдік ретінде конкурсқа жарияланған жалпы соммасының кем дегенде 5-пайызы (%) мөлшерінде мына есеп шотқа аударылуы талап етіледі: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ мекемесі, БСН-990440008043, БСК-HSBKKZKX, ЖСК-KZ436010291000010707, Кбе-16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ немесе банктік кепілдік берілуге рұқсат.
- Сатып алынатын тауарға кепілдік мерзімі 12 ай болу міндетті.
Сатып алынатын университетттің сайттын әзірлеу бойынша қызметтердің техникалық ерекшелігі мен келісім шарт үлгісін https://ayu.edu.kz/ сайтының хабарландыру парақшасынан немесе Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, № 203 кабинеттен алуға болады.
Комиссия отырысы болатын күні және уақыты: 28.05.2020 (15:00)
Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты:
Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, мөр басылып, хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 7 күнтізбелік күн ішінде 27.05.2020ж. сағат 18:00 дейін, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, № 203 кабинетте қабылданады.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің техникалық ерекшелігі