team
Doç. Bilim Adayı, Байтуова Айгуль Нәзір

Telefon:
Oda No:
202

ӨМІРБАЯН 

 

Мен, Байтуова Айгүл Назировна 1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында туылдым.

1975-1985 жылдары N 15 орта мектебінде оқып бітірдім

1993 жылы Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетін «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша үздік бітірген. Университетті бітірген соң №10 әл-Фараби атындағы орта мектепте қызмет атқарғанмын.

1996 жылдан бастап 2000 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан туристік орталығында экскурсия жетекшісі болып жұмыс істедім.

2000-2002 жылдар арасында «Тұран» колледжінде оқытушы қызметін атқардым.  

2002 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде қызмет етіп келеді. 2006 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аспирантурасының күндізгі бөлімін оқып бітірдім. 

2006 жылы «Түркі тілдес қыпшақ, оғыз және қарлұқ топтарының фонетикалық заңдылықтары» атты тақырыпта кандидаттық диссертациялық жұмыс  қорғады. 2011 жылы доцент атағын алдым.

2017 жылы профессор міндет атқарушы атағын алдым.

Ғылыми еңбектерінің жалпы саны - 62. Халықаралық конференциялар негізінде 1 Scopus журналы  (оның ішінде 2 оқулық, нұсқаулар мен монографиялар), 26 ұлттық конференция, 14 ішкі ғылыми журналдар, Томсон Рейтер (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдарда 2 ғылыми еңбегі, 2 электронды оқу құралы, шетел ғылыми журналдарда 3, сондай-ақ 2 монография, 2 оқу-әдістемелік құрал жарық көрген.

2008 жылы Анкара қ. (Түркия) Ататүрік қоры ұйымдастырған салыстырмалы тіл білімі жөнінен халықаралық конгресте ғылыми баяндама оқыдым;

2009 жылы Ашхабад қ. (Түркменстан) халықаралық ғылыми конференцияда ғылыми баяндама оқыдым;

2011 жылы Баку қ. (Әзербайжан) салыстырмалы тіл білімі бойынша ғылыми баяндама оқыдым;

2014 жылы Левен қ. (Бельгия) МАПРЯЛ ұйымдастырған психолингвистика бойынша халықаралық конференцияда ғылыми баяндама оқыдым;

2015 жылы  Гранада қ. (Испания) МАПРЯЛ ұйымдастырған халықаралық конгресте орыс  лексикографиясы бойынша ғылыми баяндама оқыдым;

2016 ж. Стамбұл қ. (Түркия) халықаралық конференцияда этномәдени және тіл ұқсастығы туралы ғылыми баяндама оқыдым.

2017 ж. Батуми қ. (Грузия) халықаралық форумда аударма тарихы туралы ғылыми баяндама оқыдым.

 

2018 ж. Камотини қ. (Греция) халықаралық форумда аударманың өзекті мәселері жайында туралы ғылыми баяндама оқыдым.

 

Шымкент қаласында Янги Шахар мөлтек ауданында 39-14  1бөлмелі пәтерім бар.

Түркістан қаласында Сырғак батыр 1-1 кошесінде анаммен 2 бөлмелі пәтерде бірге тұрамыз.

 

Bize Yazın

Aşağıdaki formu doldurarak bize mesaj gönderebilirsiniz.