Biyografi
ӨмірбаянХазретәліқызы Райгүл 1985 жылғы 11 наурызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.2002 жылы Түркістан қаласындағы М. Әбенова атындағы жалпы орта мектепті үздік бітіріп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультетіне оқуға түсті. 2007 жылы аталған университетті «Тарихшы-мұрағатшы» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдады.2007 жылы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивіне мұрағатшы қызметіне жұмысқа орналасты. 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Археология және этнология» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтап, 2011 жылы гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесіне ие болды.Отбасылық жағдайына байланысты 2012 жылы Шымкент қаласына қоныс аударды. 2013 жылы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік архивіне археограф қызметіне қабылданды. 2016 жылғы наурыздан 2021 жылғы шілдеге дейін Түркістан облысының мемлекеттік архивіндегі Құжаттарды пайдалану және жарыққа шығару бөлімінің басшысы қызметін атқарды.2021 жылғы қазан айынан бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті Тарих кафедрасында PhD, доцент міндетін атқарушы қызметін атқарып келеді.
İdari Görevler
-
Eğitim ve beşeri bilimler fakültesiÖğretim ve Metodoloji Komitesi Başkanı
Öğrenim Bilgileri:
-
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетті
Yüksek Lisans -
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетті
Lisans -
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Doktora


