❝Öğretim kalp için ışık, akıl için ışıktır.❞
     Ahmet Yesevi
P
team
Уразбаева Жанат Арыстанбекова
Yükseklisans, Okutman
—
Телефон
Bina Adı
—
Birim
Yabancı Diller Eğitimi Bölümü
Oda No

Biyografi

Мен, Уразбаева Жанат Арыстанбековна, 1996 жылы 20 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келдім. Қазіргі таңда Түркістан облысы, Түркістан қаласының тұрғынымын.  2013–2017 жылдары Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Екі шет тілі: ағылшын француз тілдері» мамандығы бойынша білім алып, бакалавр дәрежесін иелендім. 2017–2019 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша магистратурада оқып, магистр дәрежесін алдым.  2023-2026 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторантурасында білім алдым.  Педагогикалық қызмет барысында заманауи оқыту технологияларын пайдаланып, оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамытуға, олардың білім сапасын арттыруға және кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуға ерекше көңіл бөліп келемін. Ғылыми қызығушылықтарым социолингвистика, урбанолингвистика, тілдік ландшафт, мегаполис ономастикасы және Қазақстандағы тіл саясаты мәселелерімен байланысты.