Biyografi
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцентЖумадуллаева Айгүл Аязбайқыз Өмірбаян Жумадуллаева Айгүл Аязбайқызы – 1971 жылы туылған, ұлты – қазақ, жоғары білімді маман, п.ғ.к., доцент. 1991 жылы Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтыныњ «Педагогика, психология (мектепке дейінгі)» мамандығына түсіп, 1995 жылы аталған мамандықты үздік дипломмен бітірдім. 2006 жылы 27 мамырда 13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандағы бойынша кандидаттық диссертация қорғадым.ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 2006 жылы 3 қарашадағы шешімімен (№12 хаттама) педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алдым.ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 2009 жылы 23 желтоқсандағы шешімімен (№10 хаттама) педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді. Педагогика ғылымының саласында бүгінгі таңға дейін 130-ден аса ғылыми мақалалары мен оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді. Оның ішінде 1 электронды оқулықтың, 8 оқу-әдістемелік құралдың, 2 оқулықтың авторымын. Сонымен қатар Томсон Рейтер дерек базасына еңген импакт факторы бар тіркелген журналдарда, алыс және жақын шетелдердегі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда мақалаларым жарық көрген. Отбасылымын, екі қыз бен бір ұлдың анасымын.
Öğrenim Bilgileri:
-
H.A.Yasavi Uluslararası Kazak-Türk Üniversitesi
Ön Lisans (2 yıl) -
H.A. Uluslararası Kazak-Türk Üniversitesi
Bilim Adayı Derecesi -
Kazak Kadın Pedagoji Enstitüsü
Lisans


