❝Öğretim kalp için ışık, akıl için ışıktır.❞
     Ahmet Yesevi
P
team
Babaeva Kumisai Sabetovna
Bilim Adayı, Kıdemli Okutman
Телефон
Bina Adı
2
Birim
Özel Klinik Disiplinler
Oda No
321

Biyografi

Бабаева Кумисай Сабетқызы, 1972 жылы 2 қарашада дүниеге келген.  1989 жылы орта мектепті бітіріп, Ташкент медицина педиатрия институтының I педиатрия факультетіне түсіп, 1995 жылы дәрігер-педиатр мамандығын алған. 1995 жылдың 1 тамызынан 29 желтоқсанына дейін Шымкент қаласы №1 балалар медицина бірлестігінде педиатрия мамандығы бойынша интернатура өткен.1996 жылдан бастап Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің терапия кафедрасына оқытушы қызметіне ауыстырылды. 2004-2009 жж. аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Жалпы хирургия» кафедрасында «Аллергология» және «Жалпы және клиникалық иммунология» пәндерінің оқытушысы қызметін атқарған. 2007 жылы 14.00.36 – Аллергология және иммунология мамандығы бойынша «Иммундық реагенттерді дайындау негізінде пневмококктық инфекцияның диагностикасын жетілдіру» тақырыбына кандидаттық диссертациясын қорғап, медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.2007-2010 жылдар аралығында медицина факультеті оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы қызметін атқарды. 2008 жылы ХҚТУ Сенатының шешімімен доцент міндетін атқарушы.2009 жылдан бастап осы күнге дейін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті медицина факультеті «Емханалық терапия және арнайы клиникалық пәндер», «Жедел медициналық жәрдем және емханалық терапия» кафедраларының, бүгінгі күні «Жедел медициналық жәрдем» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Шығармашылық жұмыстармен белсенді айналысады. Бабаева К.С. «Шығыс медицина» мамандығы бойынша төрт пәннің типтік бағдарламаларының авторларының бірі болып табылады (2004 ж.). Халықаралық, Республикалық және облыстық деңгейде 42 ғылыми мақаласы жарияланған және 12 оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген.

İdari Görevler

  • Temel bilimler
    Bölüm Başkanı

Öğrenim Bilgileri:

  • Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
    Bilim Adayı Derecesi
  • Ташкент педиатрия медицина институты
    Lisans

Bilimsel Metrikler

ORCID
ORCID ID 0000-0003-0477-0195

Staj / Belge:

  • Certificate (2025 г.)
  • Certificate (2019 г.)