team
Şef Bilim Adayı, Isayev Gani Isauly

Bölüm Başkanı

Telefon:
+7(725) 336-3636
Oda No:
205

Исаев Ғани Исаұлы - техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, ҚазҰЖҒА корреспондент-мүшесі, «Үздік ғылыми қызметкер» атағының иегері 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында туылған, ұлты қазақ, жоғары білімді. Ғылыми-педагогикалық саладағы жұмыс өтілі 17 жыл.

2005 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің экология факультетінің 030340-Химия және биология мамандығын бітірді. 2007 жылы осы оқу орнында 6N0113-Биология мамандығы бойынша магистратураны үздік бітірді. 

Ғ.И.Исаев педагогикалық қызметте мұғалім, колледж директорының орынбасары, колледж директоры болып, ал жоғары оқу орындарында магистр оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (ОҚМПИ), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 2014 жылдың 31 желтоқсан күнгі №1-346 бұйрығымен №4 Ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, Жаратылыстану факультетінің деканы (ОҚМПИ), Әкімшілік және шаруашылық істері жөніндегі проректор, Ғылыми істер жөніндегі проректор (ОҚМПИ) қызметтерін абыроймен атқарған. Қазіргі таңда Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Биология» кафедрасының меңгеруші қызметінде. 2010 жылы 25.00.36-геоэкология мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде қорғаған.

Ғ.И.Исаев өзін инновациялық технологияларды еркін меңгерген жаңашыл ұстаз ретінде көрсетіп келеді.

Бүгінгі таңда 100 ғылыми еңбектің, соның ішінде Thomson Reuters базасына енетін импакт-факторлы, скопус базасындағы, Life Science Journal журналында жарияланған 11 мақаланың, 1 патенттің, 3 монографияның, 12 оқу құралдың, 1 электронды оқулықтың авторы, 1 ғылыми жобаға жетекшілік еткен (ОҚМПИ). 

2019-2021 жылдарға арналған «Ғылым қоры» тарапынан қаржыландырған «Халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағына негізделген Қазақстанның оңтүстігінің субаридтік жағдайлары үшін сәндік дақылдардын бейімдеу және стреске төзімді көгалдандыру материалдарын жеделдетіп өсіру» тақырыбындағы  282 018 346 теңгені құрайтын гранттық жобаның жетекші ғылыми қызметкері.

2021-2023 жылдарға арналған ҚР БжҒМ-нің «Smart-шыныларды өндіру үшін Өнеркәсіп қалдықтарынан алынған ванадий оксидтері негізінде термохромды энергия тиімді толтырғыштардың құрамын зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы құны 51 млн теңгені құрайтын жобаның орындаушысы.

 2022-2024 жылдарға арналған ҚР БжҒМ-нің «Қызғалдақтың бастапқы материалдар коллекциясын жасау эксклюзивті түрлері мен сұрыптарын көбейту мен өсірудің инновациялық технологиясын әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы құны  77,4 млн теңгені құрайтын жобаның орындаушысы.

2022-2024 жылдарға арналған ҚР БжҒМ-нің «Қазақстандық мұғалімдердің көп сауатты моделін әзірлеу және биологиялық білім беру үдерісінде пәндік-тілді кіріктірілген оқыту әдісімен білім беру үлгілерін стратегиялық түрлендіру» тақырыбындағы құны 37 млн теңгені құрайтын жобаның жетекшісі.

Түркістан қаласы әкімінің бірнеше алғыс хаттарымен, ОҚМПИ ректорының алғыс хаты, «Qurmet» қоғамдық бірлестігінің «Білім беру ісінің үздігі» медалімен 2014ж, «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері 2019ж, «Үздік ғылым қызметкері» атағымен 2019 ж қыркүйекте  марапатталған. 

 

 

Bize Yazın

Aşağıdaki formu doldurarak bize mesaj gönderebilirsiniz.