shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТОМАТОЛОГТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін университетімізде 9-ақпан – Халықаралық Стоматологтар күніне орай студенттер арасында стоматологиялық жарыс өтті.

Негізгі  мақсат – студенттердің күнделікті еңбектерін бағалау, дәрігерлік кәсібіне  құрмет көрсету және көңілді, әрі әсерлі сәттерді бірге өткізу.

Жиын Стоматология факультетінің оқытушы-профессорлар құрамының білімгерлерге арнаған жылы лебіздерінен, арнайы бейнероликтен бастау алды.

Факультет студенттері – ғылым-білім жолында еңбектеніп жүрген талапшыл жастардан құралған. Осы тұста, оқу ордамыздағы ғылыми-конференциялық іс шараларда оза шауып, республикалық кезеңге жолдама алған студенттер марапатталды.

Келесі кезекте, студенттердің білімдерін арттыру мақсатында 1-4 курс арасында жарыс ұйымдастырылды. 4-кезеңнен тұратын сайыста студенттер өздерінің теориялық және практикалық білімдерін ортаға салды. Стоматология саласына қатысты қызықты ойындар арқылы өзара сынға түсті. Оның ішінде, рентген суреттеріне қарап тіс нөмірін табудан бастап, тістерді сабыннан жасау, тістерге реставрация жасау сынды тапсырмаларды орындады.

Қатысушылардың білімдерін бағалау үшін факультет оқытушылары атсалысып, қазылық етті.

Іс-шара соңында факультет деканы Кыванч Камбуроғлу студенттерді марапаттап, сый-сияпат табыстады. Жеңімпаз жастар оқу орданың брендтелген өнімдері мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.