shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ЖАТАҚХАНА СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИРІ ӨТТІ

Университетіміздің Жатақханалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір – сенің таңдауың» тақырыбында үстел теннисінен турнир өтті.

Спорттық шараның басты мақсаты – жатақханада тұратын студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын дәріптеу. Турнир 11-14 ақпан аралығында ұйымдастырылып, оған қазақстандық және бауырлас түркі елдерінен келген студенттер(қыздар мен ұлдар) қатысты. Жарыста жалпы саны 50-ге жуық студент бақ сынады.

Сайыс нәтижесінде ерлер арасында №2 жатақхана тұрғыны, Спорт және өнер факультетінің 2 курс студенті Айбол Жақыпұлы жеңімпаз атанса, қыздар арасында №6 жатақхана тұрғыны, Спорт және өнер факультетінің 2 курс  студенті Наргүл Мирзагелдиева І орынды қанжығасына байлады.

Жарыс жеңімпаздарына және жүлделі орындарға ие болған студенттерге дипломдар, университеттің брендтік өнімдері және кубок берілді.