Кампустағы өмір:
- Студенттік Парламент
- Жастар ұйымдары
- Студенттер үйі
- Тамақтану орындары
- Мәдениет орталығы
- Спорт және спорттық инфрақұрылым
- Медициналық қызметтер
- Y-PEER QAZAQSTAN
Университетімізде жастарды салауатты да, дені сау етіп тәрбиелеу жұмысы жүйелі жүргізілуде. Студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, спорттық-сауықтыру орталығында 12 спорттық үйірме жұмыс жасайды. Олармен 16 аға бапкер оның ішінде Қазақстанға белгілі жаттықтырушылар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары А.Халилаев пен М.Файзиев, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Р.Құралбаев, Құрметті спорт қызметкерлері Е.Балғабаев пен М.Бугенбаев, ҚРСШ және спорт нұсқаушылары жаттығу жұмыстарын жүргізеді.