Хабарландыру!
2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне Erasmus+ ұтқырлық бағдарламасы шіңберінде Түркия Республикасындағы, Күтахия Дұмлұпынар университетіне International Staff Week бағдарламасы аясында 2 орын (Халықаралық байланыстар департаменті- 1орын / Тарих кафедрасы ОПҚ- 1 орын) бөлінгенін хабарлаймыз.
Ауысым бағдарламасы 2024 жылғы 6-10 мамыр аралығында өткізіледі.
*Халықаралық байланыстар департаменті- 1орын Университеттің презинтациясын жасау, халықаралық стратегиясы мен жұмыстарын таныстыру және басқа қатысушы университетер мен ыңтымақтастық орнату.
*Тарих кафедрасы ОПҚ 1 орын- Тарих мамандығы бойынша пәндерден Түрік немесе Ағылшын тілінде Думлыпинар университетінде мамандық бойынша студенттерге дәріс және ОПҚ қурамына семинар өткізу.
Erasmus+ ұтқырлығы бағдарламасының шарттары:
- Халықаралық байланыстар департаменті- Ағылшын тілін меңгеру деңгейі жоғары кемінде B2 немесе Лингвистикалық орталықта емтихан тапсыра алады;
- Тарих кафедрасы ОПҚ- Ағылшын/Түрік тілін меңгеру деңгейі жоғары кемінде B2, (YUNUS EMRE B2 сертификаттары) немесе Лингвистикалық орталықта емтихан тапсыра алады;
- Төлқұжаттың(Паспорт)болуы;
Өтінім құжаттары:
Өтінімдер құжаттармен бірге 1.04.2024-15.04.2024жж аралығында erasmus@ayu.edu.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Мерзімінен кеш жіберілген өтінімдер қабылданбайды.
Маңызды күндер:
Өтінім қабылдау күндері:1.04.2024-15.04.2024
Емтихан күні: 17.04.2024
Ескерту: YUNUS EMRE (кемінде B2) және Лингвистикалық орталықтың Түрік тілін меңгеру сертификатын (кемінде B2) алған үміткерлер Түрік тілі біліктілік емтиханынан босатылады.
Халықаралық байланыстар департаменті