БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТА ӨРІК ТЕРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

  • 21.06.2024
  • KZ

image

Университетіміздің базасында орналасқан бірегей ботаниқалық бақ – біз үшін баға жетпес байлық. Бүгінде 88 гектар аумақты алып жатқан ботаниқалық бағымыздың коллекциялық қорында декоративті және жеміс өсімдектерінің 150-ге жуық түрі мен сорты бар.

Жылдағы дәстүрге сай, жаз мезгілінің алғашқы күнінен оқу ордамыздың ботаникалық бағындағы жеміс ағаштары өнім бере бастайды.

Бұған дейін бақтағы шие ағаштарының өнімдерін жинап, жидектен жасалған шырын университет факультеттеріне таратылғаны туралы хабарлаған едік.

Енді, міне, биылғы маусымның піскен өріктерін жинау және өңдеу жұмыстары да бастау алды. Бақтың жалпы аумағының 15 гектарын өрік ағашының аумағы құрайды. 

«Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ботаникалық бағының бағалы гендік қорын сақтау» жобасы аясында өріктерді жинауға күніне 30-ға жуық адам жұмылдырылды.

Мамандар биыл шамамен 30 тонна өнім жинауды жоспарлап отыр. Жиналған өнімдерді жеміс жидектерді өңдеу өндірістік цехінде сапасына қарай сұрыптап, одан кептірілген өрік әзірлеу жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, қазіргі таңда ботаниқалық бағымызда 650 млн теңгеден астам сомаға 3 ірі жоба іске асырылуда. Аталған жобалар аясында жаңа цех құрылып, өсімдіктерді Түркістан өңірінің климатын бейімдеп, өсіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.