Мазмұнға өту
Ақпараттық технология департаменті
AHMET YESEVI UNIVERSITY / IT
← Департаментке оралу

Бағдарламамен қамтамасыз етудегі иновациялар бөлімі

Бағдарламамен қамтамасыз етудегі инновациялар бөлімі университеттің цифрлық өнімдерін, ақпараттық жүйелерін және бағдарламалық шешімдерін әзірлеуге, дамытуға және технологиялық жетілдіруге жауапты құрылымдық бөлім болып табылады. Бөлім білім беру, ғылыми-зерттеу, әкі…

AYU / ABOUT

Бөлім туралы

Бағдарламамен қамтамасыз етудегі инновациялар бөлімі университеттің цифрлық өнімдерін, ақпараттық жүйелерін және бағдарламалық шешімдерін әзірлеуге, дамытуға және технологиялық жетілдіруге жауапты құрылымдық бөлім болып табылады. Бөлім білім беру, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-басқару және инновациялық қызметтерді қолдайтын заманауи бағдарламалық өнімдерді әзірлеу арқылы университеттің цифрлық трансформациясына инженерлік қолдау көрсетеді.

Бөлім веб-қосымшаларды, ақпараттық жүйелерді, мобильді шешімдерді, backend және frontend компоненттерді, дерекқорға негізделген сервистерді және API интерфейстерін әзірлейді. Бағдарламалық өнімдердің архитектурасын қалыптастыру, бастапқы кодты басқару, тестілеу, релиздерді ұйымдастыру, бағдарламалық қателерді түзету, жаңа функционалды енгізу және қолданыстағы жүйелерді технологиялық жетілдіру бөлім қызметінің негізгі инженерлік бағыттарына жатады.

Бөлім университеттің ғылыми-зерттеу құрылымдары мен зертханаларының жобаларына бағдарламалық-инженерлік қолдау көрсете алады. Мұндай жобаларда деректерді өңдеу құралдарын, зерттеуге арналған бағдарламалық компоненттерді, жасанды интеллект және машиналық оқыту модельдерінің инженерлік бөлігін, API сервистерін, пайдаланушы интерфейстерін, интеграциялық және deployment шешімдерін әзірлеуге қатысады. Ғылыми мақсат, әдістеме, деректерді ғылыми тұрғыдан пайдалану талаптары және нәтижелерді ғылыми бағалау тиісті ғылыми бағыттың жауапкершілігінде қалады.

Сонымен қатар бөлім университетте жүзеге асырылатын инновациялық және стартап жобалардың бастапқы технологиялық шешімдерін әзірлеуге қатыса алады. Перспективалы идеяларды техникалық прототипке немесе минималды жұмыс істейтін өнімге (MVP) айналдыру кезінде бағдарламалық архитектураны қалыптастыру, backend, frontend, mobile, API және өзге де бағдарламалық компоненттерді әзірлеу бойынша инженерлік қолдау көрсетіледі. Мұндай жұмыстар департаменттің бекітілген басымдықтары мен қолжетімді ресурстары шегінде жүзеге асырылады.

Бөлім әзірлейтін бағдарламалық өнімдерге қатысты бастапқы кодты орталықтандырылған басқару, техникалық құжаттаманы жүргізу, тестілеу, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау, релиздерді бақылау және кейінгі сүйемелдеудің жауапкершілігін алдын ала айқындау қағидаттары қамтамасыз етіледі.

Бөлім басшысы

Елеусіз Аслан

AYU / SERVICES

IT-қызметтер

  • Университеттің ақпараттық жүйелері мен цифрлық сервистерін жобалау және бағдарламалық әзірлеу.

  • Backend, frontend, web және mobile қосымшаларды әзірлеу.

  • Қолданбалы дерекқорлар мен ақпараттық жүйелердің бағдарламалық компоненттерін әзірлеу.

  • API және жүйелерге қажетті бағдарламалық интеграциялық компоненттерді әзірлеу.

  • Ақпараттық жүйелердің application architecture және техникалық шешімдерін қалыптастыру.

  • Бастапқы кодты Git және басқа version control құралдары арқылы орталықтандырылған басқару.

  • Бағдарламалық өнімдерді тестілеу, қателерді анықтау және түзету.

  • CI/CD, deployment және release management процестерін жетілдіру.

  • Қолданыстағы ақпараттық жүйелердің бағдарламалық деңгейдегі техникалық сүйемелдеуін қамтамасыз ету.

  • Университет веб-ресурстарының техникалық платформасын және функционалдық мүмкіндіктерін дамыту.

  • Ғылыми-зерттеу жобаларына software engineering, data processing және AI/ML engineering бағыттарында қолдау көрсету.

  • Жасанды интеллект модельдерін ақпараттық жүйелерге интеграциялау, API және интерфейс деңгейінде инженерлік іске асыру.

  • Инновациялық және стартап жобаларға прототип және MVP әзірлеу кезеңінде технологиялық қолдау көрсету.

  • Бағдарламалық өнімдердің техникалық құжаттамасын және релиздік материалдарын жүргізу.

  • Әзірленген цифрлық өнімдердің қауіпсіздік, өнімділік, тұрақтылық және масштабталу талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге қатысу.

Негізгі қағида: Идея мен қажеттілікті сенімді, қауіпсіз және пайдалануға дайын цифрлық шешімге айналдыру.

AYU / TEAM

Біздің команда

Қойшығара Қазыбек

Қойшығара Қазыбек

Жетекші бағдарламашы

Бағдарламамен қамтамасыз етудегі иновациялар бөлімі

qq13kk@ayu.edu.kz
Мустапаева Мөлдір

Мустапаева Мөлдір

Жетекші бағдарламашы

Бағдарламамен қамтамасыз етудегі иновациялар бөлімі

moldir.mustapayeva@ayu.edu.kz
Елеусіз Аслан

Елеусіз Аслан

Бөлім басшысы

Бағдарламамен қамтамасыз етудегі иновациялар бөлімі

aslan.yeleussiz@ayu.edu.kz
Сейіткамал Ернар

Сейіткамал Ернар

Жетекші бағдарламашы

Бағдарламамен қамтамасыз етудегі иновациялар бөлімі

yernar.seiitkamal@ayu.edu.kz
AYU / CONTACTS

Байланыс

Бағдарламамен қамтамасыз етудегі иновациялар бөлімі

aslan.yeleussiz@ayu.edu.kz

Департаментке оралу →