Мазмұнға өту
Ақпараттық технология департаменті
AHMET YESEVI UNIVERSITY / IT
← Департаментке оралу

Инфрақұрылымды дамыту бөлімі

Инфрақұрылымды дамыту бөлімі университеттің білім беру процесін жүзеге асыруға қажетті компьютерлік және цифрлық оқу инфрақұрылымының дайындығын қамтамасыз ететін құрылымдық бөлім болып табылады. Бөлімнің қызметі оқу аудиториялары, компьютерлік сыныптар, тестілеу жән…

AYU / ABOUT

Бөлім туралы

Инфрақұрылымды дамыту бөлімі университеттің білім беру процесін жүзеге асыруға қажетті компьютерлік және цифрлық оқу инфрақұрылымының дайындығын қамтамасыз ететін құрылымдық бөлім болып табылады. Бөлімнің қызметі оқу аудиториялары, компьютерлік сыныптар, тестілеу және емтихан өткізу орталарындағы техникалық ресурстардың білім беру процесіне толық дайын болуына бағытталады.

Бөлім компьютерлік сыныптардың техникалық жағдайын тұрақты бақылауға, оқу семестрі басталғанға дейін олардың дайындығын тексеруге, оқу бағдарламалары мен мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді компьютерлерге орнатуға және білім беру процесіне қажетті стандартталған бағдарламалық ортаны қалыптастыруға қатысады. Факультеттер мен кафедралардың оқу мақсатындағы бағдарламалық және техникалық қажеттіліктерін талдау да бөлім қызметінің маңызды бөлігі болып табылады.

Емтихан және тестілеу кезеңдерінде бөлім компьютерлік аудиториялардың алдын ала дайындығын қамтамасыз етеді, компьютерлердің, перифериялық құрылғылардың және қажетті бағдарламалардың жұмысын тексереді, техникалық тәуекелдерді алдын ала анықтайды және емтихан барысында цифрлық ортаның тұрақты жұмыс істеуіне техникалық қолдау көрсетеді.

Бөлім оқу компьютерлік паркінің техникалық жағдайын талдап, оны кезең-кезеңімен жаңарту қажеттілігін айқындауға, жаңа компьютерлік аудиторияларды техникалық жоспарлауға, Smart Classroom және цифрлық оқу ортасын дамытуға қатысады. Бөлімнің негізгі фокусы жеке қызметкердің жұмыс орны емес, тұтас оқу процесінің компьютерлік және цифрлық дайындығы болып табылады.

Бөлім басшысы

Бердисугиров Асхат

AYU / SERVICES

IT-қызметтер

  • Компьютерлік сыныптардың техникалық дайындығын және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету.

  • Оқу семестрі басталғанға дейін компьютерлік аудиториялардың техникалық readiness тексерісін жүргізу.

  • Оқу процесіне қажетті бағдарламаларды және мамандандырылған software-ды компьютерлік сыныптарға орнату.

  • Оқу пәндеріне қажетті стандартталған бағдарламалық ортаны қалыптастыру және жаңарту.

  • Емтихан және тестілеу компьютерлерін алдын ала тексеру және техникалық дайындау.

  • Емтихан аудиторияларындағы компьютерлер мен перифериялық құрылғылардың жұмысын бақылау.

  • Емтихан және тестілеу кезеңіндегі техникалық тәуекелдерді алдын ала анықтау және жоюға қатысу.

  • Компьютерлік сыныптарда профилактикалық тексеру және жоспарлы техникалық қызмет жұмыстарын ұйымдастыру.

  • Оқу IT-жабдықтарының техникалық жағдайын мониторингілеу және жаңарту қажеттілігін бағалау.

  • Факультеттер мен кафедралардың оқу мақсатындағы компьютерлік және бағдарламалық қажеттіліктерін талдау.

  • Жаңа компьютерлік сыныптарды және цифрлық аудиторияларды техникалық жоспарлауға қатысу.

  • Smart Classroom және заманауи цифрлық оқу ортасын дамыту бойынша техникалық ұсыныстар әзірлеу.

  • Оқу компьютерлік паркінің стандарттарын және типтік конфигурацияларын қалыптастыруға қатысу.

  • Компьютерлік аудиториялар бойынша техникалық есеп пен дайындығы туралы ақпарат жүргізу.

  • Оқу процесінің IT-инфрақұрылымына қатысты ақауларды тиісті жауапты бөлімдермен бірлесіп жою.

Негізгі қағида: Әрбір оқу аудиториясы мен компьютерлік сынып білім беру және емтихан процесіне алдын ала дайын болуы тиіс.

AYU / TEAM

Біздің команда

Бердисугиров Асхат

Бердисугиров Асхат

Меңгеруші

Инфрақұрылымды дамыту бөлімі

askhat@ayu.edu.kz
AYU / CONTACTS

Байланыс

Инфрақұрылымды дамыту бөлімі

askhat@ayu.edu.kz

Департаментке оралу →