Биография
Мамырбекова Айжан Кумекбаевна 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласындағы №3 орта мектепті бітіріп, 1986 жылы Қазақ химия-технологиялық институтына түсіп, 1991 жылы аталған институттың бейорганикалық заттардың технологиясы факультетінің электрохимиялық өндіріс технологиясы мамандығы бойынша үздік бітірді. 1992 ж. ақпан айынан бастап Түркестан мемлекеттік университетінің экология факультетінің химия кафедрасындағы лаборант, аға лаборант, 1994 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ физикалық және органикалық химия кафедрасында ассистент болып қызмет атқарды. 1994 жылдың желтоқсан айынан бастап 1997 жыл аралығында аталған университет аспирантурасының күндізгі бөліміне түсті. 1998 ж. бастап өндірістік экология кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. 1998 жылдың 30-қыркүйекте 02.00.05.-электрохимия мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің Диссертациялық қеңесте х.ғ.д., профессор Р.С. Вахидовтың және х.ғ.к., доцент А.А. Старченконың жетекшілігімен «Электроосаждение меди из диметилсульфоксидных электролитов» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2001 жылдан бастап жалпы химия және химиялық экология кафедрасына аға оқытушы қызметіне ауысты. 2004 ж. қыркүйек айында ҚР Білім және ғылым министрлігі ЖАҚ шешімімен А.К. Мамырбековаға доцент ғылыми атағы берілді. Мамырбекованың ғылыми-педагогикалық стажы – 30 жыл, 100 аса ғылыми еңбектердің авторы. 2005-2006 оку жылдан бастап медицина факультетінің жалпы кәсіби пәндер кафедрасына ауысты. 2014-2018 жж. аралығында «Зертханалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Медицина факультеті, «Фундаментальды ғылымдар» кафедрасының доцент қызметінде жұмыс атқарады. 2019 ж. ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының игері. 2025 ж. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен Алғыс хатпен марапатталды.
Административные обязанности
Председатель Комиссии по качеству
| Департамент | Фундаментальные науки |
| Kısa Bilgi | Председатель Комиссии по качеству, Кандидат наук, Доцент |
Информация об обучении:
-
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Доцент -
Қазақ химия-технологиялық институты
Бакалавр -
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Кандидат наук


