team
доцент Ғылым кандидаты, Мамырбекова Айжан Кумекбаевна

Сапа жөніндегі комиссияның төрағасы

Телефон:
+7(725) 336-3690
Электрондық пошта:
aizhan.mamyrbekova@ayu.edu.kz
№:
274

Мамырбекова Айжан Кумекбаевна  1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келді. 1985 жылы Кентау қаласындағы  №3 орта мектепті бітіріп, 1986 жылы   Қазақ химия-технологиялық институтына түсіп,   1991 жылы  аталған институттың бейорганикалық заттардың технологиясы факультетінің электрохимиялық өндіріс технологиясы мамандығы бойынша үздік бітірді

1992 жақпан айынан бастап Түркестан мемлекеттік университетінің экология факультетінің химия кафедрасындағы лаборантаға лаборант,   1994 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ физикалық және органикалық химия кафедрасында  ассистент болып қызмет атқарды.  1994 жылдың желтоқсан айынан бастап 1997 жыл аралығында аталған университет аспирантурасының күндізгі бөліміне түсті.  1998 жбастап өндірістік экология кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды

1998 жылдың 30-қыркүйекте  02.00.05.-электрохимия мамандығы бойынша           әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің Диссертациялық қеңесте  х.ғ.д., профессор Р.С. Вахидовтың және х.ғ.к., доцент А.А.Старченконың жетекшілігімен “²Электроосаждение меди из диметилсульфоксидных электролитов тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2001 жылдан бастап жалпы химия және химиялық экология кафедрасына аға оқытушы қызметіне ауысты. 2004 жқыркүйек айында ҚР Білім және ғылым министрлігі ЖАҚ шешімімен А.КМамырбековаға доцент ғылыми атағы берілді.

Мамырбекованың ғылыми-педагогикалық стажы – 30 жыл,  100 аса ғылыми еңбектердің авторы. 2005-2006  оку жылдан бастап медицина факультетінің жалпы кәсіби пәндер кафедрасына ауысты. 2014-2018 жж. аралығында “Зертханалық пәндер” кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Қазіргі уақытта  Медицина факультеті,  “Фундаменталды ғылымдар” кафедрасының"  доцент қызметінде жұмыс атқарады. 

 

 

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.