❝Öğretim kalp için ışık, akıl için ışıktır.❞
     Ahmet Yesevi
team
Saruarov Erbolat Galymzhanuly
Телефон
Bina
Bölüm
Ahmet Yesevi Üniversitesi
Oda No
403

Biyografi

Саруаров Ерболат Ғалымжанұлы – Медицина факультетінің бас хатшысы және «Фундаментальды ғылымдар» кафедрасының PhD, аға оқытушысы лауазымында қызмет атқарады. Ғылыми және педагогикалық жұмыс өтілі 11 жыл 1 айды құрайды.

Саруаров Ерболат Ғалымжанұлы 1991 жылы 28-ші қыркүйекте бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында дүниеге келген. Үйленген, 2 қыз және 1 ұлдың әкесі.

2009 жылы Түркістан қаласындағы №1 Ахмет Байтұрсынов атындағы қазақ орта мектебін үздік аттестатқа бітіріп, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универитетінің Медицина факультетіне «Жалпы медицина» мамандығына оқуға түсті. Осы мамандықтың бакалаврын оқу үрдісі барысында, өзін оқу үлгерімі, ғылыми әлеуеті, спорттық шеберлігі және қоғамдық белсенділігі жағынан жоғары дәрежеде көрсетіп, «жоғары стипендияның» бірнеше рет иегері атанды. Бірнеше Халықаралық және Республикалық деңгейде өткізілген конференциялар мен олимпиадалардың жеңімпазы. Университетімізде өткізілген бірнеше Халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың белсенді ұйымдастырушыларының бірі. Қоғамдық өмірге әрқашанда белсенді араласып, өзінің көшбасшылық және ұйымдастырушылық қасиетін таныта білді. Сонымен қатар, бірнеше рет Түркия Республикасы мен Ресей Федерациясында ұйымдастырылған бірнеше ғылыми бағыттағы жиындарға қатысып, марапаттар алды. Және де, Саруаров Ерболат 2013 жылы құрылған «Қазақстан Медицина Жастары Ассоциациясының» (KazMSA) негізін қалаушыларының бірі. Құрамына Қазақстанның 8 Медицина саласы бойынша білім беретін ЖОО-ның 100 000-нан аса білім алушы жастарын біріктіретін бұл ауқымды бірлестік, қазіргі таңда да өзінің жұмысын белсенді атқарып, Қазақстан ғана емес, әлем бойынша 100-ден астам мемлекеттерінің медицина жастарын біріктіретін «Медицина Жастары Ассоциацияларының Халықаралық Федерациясы» (IFMSA) мүшелігіне кіріп, ауқымды да өзекті жұмыстар тізбегін орындауда. Университетіміздегі медицина саласы бойынша «Медицина Жастарының Ғылыми Бірлестігінің», «Scientific school» және «International Association of Medical Students» (IAMS) ұйымдарының негізін қалаушысы. Бұл арқылы, өзіне алған білімін тек өз бойына сіңдірмей, басқа да жас білімгерлер мен ғалым-ізденушілерге үйретіп, тәжірибе алмасты, өз білгенін үйретті. Лидерлік, ғылыми жұмыстарды жасау, уақытты тиімді өткізу және т.б. аса қызықты тақырыптар бойынша бірнеше шеберлік сағаттары мен тренингтерді, тимбилдингтерді жүргізді. 2014 жылы бакалавр дәрежесін «қызыл дипломмен» бітірген соң, медицина факультетіне «Медицина» мамандығы бойынша магистратураға түсті. Оқу процесі барысында 2016 жылдары Тайланд (Бангкок қ.) және Мальта (Сан-Паулу қ.) мемлекеттерінде өткізілген форумға қатысып, ғылыми жобасын абыроймен қорғап қайтты.

Өзінің алғашқы еңбек жолын 2014 жылдың қараша айында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Симуляциялық орталық» бас маманы болып бастады. Одан соң, 2016 жылы магистратурасын сәтті аяқтаған соң, Медицина факультеті, «Адам морфологиясы және физиологиясы» кафедрасының магистр-оқытушысы болып қызметін жалғастырды. 2017-2018 жылдар аралығында бір жыл көлемінде «Екі жақты келісімшарт» негізінде Түркия Республикасы, Анкара қаласы, Гази университеті, Медицина факультеті, «Анатомия» бөлімінде біліктілікті арттыру бойынша ғылыми тағылымдамасына қатысып, өз тәжірибесін шыңдап, ғылыми қызметкер ретінде мансабын жалғастырды. Бұл аралықта, 2016-2018 оқу жылдары ішінде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, KazTEP дистанциялық оқу бағдарламасы негізінде 6M050700-«Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес («Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» мамандығы) магистрі дәрежесін алды.

2019 жылы 8D10110-«Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға түсіп, 2022 жылы оқуын бітірді. 2025 жылы қорғау талаптарына толық сай келуіне байланысты Шымкент қ., «Оңтүстік Қазақстан Медицицна Академиясы» АҚ-ның диссертациялық кеңесінде докторлық диссертациясын жоғары дәрежеде қорғап, осы жылдың сәуір айының 25-інші жұлдызында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз еті комитеті төрағасының №623 «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» бұйрығы негізінде 8D10110-«Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. Осы аралықта, 2023 жылдың 1-ші ақпанынан бастап Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Клиника-диагностикалық орталығында Денсаулық сақтау менеджері болып қызмет атқарды. Одан кейін, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының медициналық көмектің сапасын бағалау және шарттық міндеттемелердің мониторингі бөлімінің бас сарапшысы қызметінде болды (04.12.2023-29.08.2025 жж.). Алайда, басқа құрылымдарда негізгі штаттық бірлікте қызмет атқарғанымен, ЖОО-ның педагогикалық және ғылыми бағыттағы жұмыстарынан қол үзбей, қосымша штаттық бірлікте қызметін үздіксіз атқарып отырды. Сонымен, 2025 жылдың 2-ші қыркүйегінен бастап университеттің медицина факультеті бойынша бас хатшысы және «Фундаментальды ғылымдар» кафедрасының PhD, аға оқытушысы қызметін негізгі толық штат негізінде жалғастыруда.

Seviye

Dr., Kıdemli Okutman

Eğitim

  • №1 Ахмет Байтұрсынов атындағы қазақ орта мектебі
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Sertifikalar

  • Certificate (2025 г.)
  • Certificate (2025 г.)
  • Certificate (2024 г.)
  • Certificate (2023 г.)
  • Certificate (2018 г.)

Ödüllер ve Başarılar

  • Teşekkür Belgesi (2025 г.)

Bize Yazın

Aşağıdaki formu doldurarak bize mesaj gönderebilirsiniz.