team
оқытушы Магистр , Саруаров Ерболат Ғалымжанұлы

Телефон:
Электрондық пошта:
yerbolat.saruarov@ayu.edu.kz
№:
110

Мен, Саруаров Ерболат Ғалымжанұлы, 1991 жылы 28 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жарты-төбе ауылында дүниеге келдім. Ұлтым - қазақ. 1998-2009 жылдар аралығында Түркістан қалалық 1-ші Ахмет Байтұрсынов атындағы қазақ орта мектебінде оқып, үздік аттестатпен аяқтадым (аттестаттың орта балы-4,97). 2009-2014 жж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті, 051301-“Жалпы медицина” мамандығы бойынша бакалавры академиялық дәрежесінің қызыл дипломын алдым (GPA-3,80). 2014-2016 жж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті, 6M110100-“Медицина” мамандығы бойынша медицина ғылымдарының магистрі дәрежесін иемдендім (GPA-3,87). 2016-2018 жж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті, 6M050700 - “Менеджмент” мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі дәрежесін алдым (GPA-3,49). Қазіргі уақытта, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің, 8D10110  - «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураны тәмамдадым (GPA-3,95).

Ата-анам бар: Әкем – Ахметов Ғалымжан Саруарұлы, анам – Орынтаева Нұргүл Әуелханқызы. Отбасым бар: жұбайым – Сәрсенбаева Ақнұр Танабайқызы. Екі қыз, бір ұлдың әкесімін.

Қосымша мәліметтер: қазақ тілі – ана тілім; орыс, түрік және ағылшын тілдерінен еркін түрде сөйлей және жаза аламын, тексттерді аудара аламын.

Жұмыс өтілім және тәжірибем: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, “Симуляциялық орталық” бас маманы болып қызмет атқардым. Жұмыс өтілім – 1 жыл 8 ай. Одан соң, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медицина факультеті, “Адам морфологиясы және физиологиясы” кафедрасының магистр-оқытушысы болып жұмыс істедім. Жалпы жұмыс өтілім – 8 жылдан астам. 2017-2018 жалдар аралығында Түркия Республикасы, Анкара қаласы, Гази университеті, Медицина факультеті, Анатомия бөлімінде біліктілікті арттыру курсына қатысып, өз тәжірибемді шыңдадымСонымен қатар, 2023 жылдың 1-ші ақпанынан бастап Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Клиника-диагностикалық орталығында Денсаулық сақтау менеджері болып қызмет атқардым. Қазіргі таңда, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының медициналық көмектің сапасын бағалау және шарттық міндеттемелердің мониторингі бөлімінің сарапшысы ретінде ретінде жалғастырудамын.

Қосымша машықтары мен тәжірибесі: Компьютерді қолданудан сауаттылығым жоғары дәрежеде (Компьютерлік арнайы бағдарламалар курсын бітіргені туралы сертификат бар). MsWord, Excel, Power Point, SPSS Statistics, STATA, R, WinPepi, Epi Info және т.б. қолданылатын негізгі программалармен еркін түрде жұмыс істей аламын. Сонымен қатар, Статист-РПН, ЭРСБ, Портал Бюро госпитализации базаларынан хабарым бар және жұмыс істей аламын. Интернеттен материалдарды табу машығым өте жоғары. Және де, ВС, B1C1 дәрежесіндегі көлік жүргізу куәлігі (Автомектепті бітіргені туралы сертификат бар). 

Мекен- жайым: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов көшесі, 44-ші үй.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.