Басқару кеңесінің қызметі туралы

Университет Басқару кеңесінің құрамына университет ректоры мен ректор өкілі (бірінші орынбасары), ректор орынбасарлары және декандар кіреді.

Басқару кеңесіне мүшелік мерзімі, тағайындалған тұлғалардың негізгі қызмет мерзімімен шектеледі. Ректор өкілі ректор қызметін уақытша атқарған кезде университет Басқару кеңесіне төрағалық етеді. Университет Басқару кеңесі мәжілісінің өтетін күні мен уақытын ректор белгілейді.

Университет Басқару Кеңесі әкімшілік мәселелерде ректордың көмекші органы болып саналады.

Университет басқару кеңесінің қызметтері:

а) Өкілетті Кеңес пен Сенат шешімдерін жүзеге асыру мақсатында белгіленген жоспарлар мен бағдарламалар бойынша ректорға көмек беру;

ә) Университеттің құрамындағы бөлімшелердің ұсыныстарын ескере отырып, инвестициялық бағдарламалар мен бюджет жобасын қарастыру және Сенатқа ұсыну;

б) Институт, факультет және колледж Басқару кеңестерінің әкімшілік және қаржылық мәселелер шешімдеріне түсетін шағымдарын қарастырып, шешім қабылдау;

в) Ректор тарапынан қарауға ұсынылған мәселелер бойынша шешім қабылдау.