shape
shape

Біз туралы

Біз туралы

Экономика, басқару және құқық факультетінің атауы мен құрылымы бірнеше рет өзгергендігіне қарамастан университет ашылған алғашқы күннен бастап құрылған  факультеттердің бірі болып саналады және факультет түлектері елімізде, алыс-жақын шет елдерде табысты қызмет етуде. Бүгінгі таңда факультетте үш деңгейде (бакалавр, магистратура, докторантура)  24 білім беру бағдарламасы бойынша білікті, бәсекеге қабілетті маман даярланады. Бакалавриатта 11, магистратурада 8, докторантурада 5 білім беру бағдарламалары бойынша маман дайындаумен факультет құрамындағы Менеджмент және туризим, Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар, Экономика, қаржы және есеп, Құқықтану кафедраларының профеесор оқытушылары айналысады. Білімгерлер үшін білім беру бағдарламасының ерекшеліктеріне сәйкес жасақталған интерактивті дәрісханалар, сот залы, 1С бухгалтерия кабинеті, оқу залы, спорт кешені, компьютер кабинеттері жұмыс істейді.

Факультетте 24 білім беру бағдарламасы бойынша 876  білімгер білім алуда. Оның ішінде Түркия, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ауғанстан, т.б. алыс жақын шетелден келген білімгерлер бар. Қазіргі таңда факультетте 2 ғылым докторы, 20 ғылым кандидаты, 30 PhD доктор, 22 магистр оқытушы, 9 аға оқытушы және 5  Түркиялық ғалым дәріс беруде