shape
shape

Студенттік кеңес

Студенттік кеңес

Факультеттің Студенттер Кеңесі – бұл ең алдымен факультеттің белсенді жастары. Олардың негізгі міндеті – факультеттегі білім алушылардың студенттік өмірін гүлдендіру және жатақхана тұрғындарының тазалығын, тәртібін қадағалау ғана емес, сонымен қатар студенттік өмірін жандандыру мақсатында мәдени, ғылыми іс-шаралар (спорттық, рухани, би кештері, дебаттар, ойын-сауық кештері) байқаулар ұйымдастыру. Студенттер кеңесінің жастардың патриоттық рухын дамытуда, жауапкершілігі мол тұлға ретінде қалыптастыруда, өзін-өзі басқаруын жан-жақты дамытуда айтарлықтай зор үлесі бар. Отырыс айына 1 рет өткізіледі.

Студенттік кеңес жұмысының негізгі бағыттары:

Оқу бағыты:

  • оқу процесінің барысын ұйымдастыру және бақылау;
  • оқырман конференцияларын дайындау және өткізу;
  • емтихандық сессияға дайындық 

Әлеуметтік-мәдени бағыты:

  • Университет аумағын жинау бойынша сенбіліктер ұйымдастыру;
  • Мәдениет орталығы: мерекелерді, демалыс кештерін, шоу, әдеби конкурстарды ұйымдастыру;
  • Ұлттық мәдениет кештерін, ұлттық салт-дәстүрлер мен мерекелер көрмелерін дайындау және ұйымдастыру.

Спорт бағыты:

  • Спорттық іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің жұмысын ұйымдастыру:
  • Студенттік жастар кеңесі өз жұмысын ұжымшылдық, өзара қарым-қатынас, құрмет негізінде және бастауларында құрады;

Аты-жөні

Курс

Қызметі

Маханов Төлеген Байконысұлы3Студенттік декан
Қуаныш Айша Садырбайқызы1Студенттік декан Орынбасары
Зейдунова Назерке Нуржанқызы1PR-Менеджер
Амангелді Алмат Қанатұлы1PR-Менеджер
Абдимажитов Асадхон Бахрамхонович1Спорт министрлігі
Қонысбек Асем Сеитжанқызы1Мәдениет министрлігі
Абатханова Севинч Азизовна1Мәдениет министрлігі
Шанияр Дана Даниярқызы1Білім министрлігі
Абдуаит Хандилла Жолбарысқызы1Ғылым министрлігі