Құқық қорғау қызметі» дайындық бағыты бойынша білім алушыларды даярлаудың негізгі мақсаты мемлекеттің құқық қорғау қызметі саласындағы жоғары білікті мамандарға, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, мамандығы бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті, тиісті кәсіптік қызмет саласында қазіргі заманғы технологияларды меңгерген мамандарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Осылайша, бағдарлама материалдық және процессуалдық құқықтағы практикалық міндеттерді шешу үшін мамандық бойынша дағдылар мен біліктер көлемін дамытуға, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру, құқық қорғау органдарының жедел-қызметтік жұмысы, қылмыстық істі сотта қарау бойынша білімді, іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін іске асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы дайындық бағыты бойынша бітірушінің дайындық сапасын бағалауды регламенттейді және білім алушылардың дайындық сапасын және тиісті білім беру технологиясын іске асыруды айқындайтын материалдарды қамтиды.