қажетті экономикалық ойлау мәдениетін қалыптастыра отырып, білім беру ұйымдарында қаржыландырудың аналитикалық негіздемелерін жасау.
ұйым қызметкерлерін оқыту, олардың еңбегін ынталандыруда персоналдарды дамыту мен бағалаудың заманауи технологияларын қолдану.
Cапа менеджментінің негізгі түсініктерін қарастыра отырып, білім беру ұйымдарына жиынтық сапа менеджменті жүйесін (TQM) енгізу.
Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.