Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуде қаржылық есептілік пен талдау әдістерін, тиімді жобаларды қаржыландыруда жобалық. басқару құралдары мен тәсілдерін қолдана отырып медициналық ұйымдардың маркетингтік және даму стратегиясын әзірлеу.
Бизнестің тиімділігін талдау және бағалау әдіснамасын пайдаланып, сондай-ақ адам ресурстарын басқаруды тиімді жүргізуде. қазіргі заманғы әртүрлі HR-технологияларды қолдана отырып денсаулық сақтау саласында бизнесті ұйымдастыруды жүзеге асыру.
Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.