Жаңа білім алуға, инновациялық бағдарламаларды, қолданбалы, салалық және пәнаралық зерттеулерді әзірлеуге қабілетті.
Отандық және халықаралық ғылыми конференцияларда ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынуға және оларды отандық және шетелдік бейінді журналдарда жариялауға қабілетті..
Докторантураға «магистр» дәрежесін алған және кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар қабылданады. Докторанураға үміткерлер шет тілін білетіндігін дәлелдейтін жалпы еуропалық құзыреттіліктеріне (стандарттарына) сәйкес келетін халықаралық сертификаттарды ұсынады. Докторантураға оқуға түсу емтиханының қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын докторантураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.