Тарих кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлы тұлға, аты биік, әрі мәңгі» тақырыбында семинар өтті
2024 жылдың қараша айының 6 күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті, Тарих кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлы тұлға, аты биік, әрі мәңгі» тақырыбында семинар өтті. Семинар ұстаздың кәсіби және адамгершілік қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.Ұстаздың қоғамдағы орны, оның білім беру, тәрбиелеу және ұрпақ тәрбиесіне ықпалы туралы көілге қонымды ойлар айтылды.
Семинар барысында Тарих кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Г.Ж.Примкулова және PhD, доцент Б.С.Сиздиков ұстаздың бойында болу керек қасйеттерді айта отырып, білімгерлерге ұстаз болудың маңыздылығын түсіндірді. Семинарда Отырар археологилық қорық музейінің қызметкерлері Сералы Нұрлан және Әліпбекова Жазира Отырарда дүниеге келген әлемдегі екінші ұстаз Әбу Насыр Әл-Фарабиден бастап, Отырардан шыққа ұлы тұлғалар жайында баяндама жасады. Семинарға Тарих кафедрасының оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.