УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ РУСЛАН ЕМЕЛБАЕВ АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
Кездесуде Руслан Тоқтарбекұлы өмірлік және кәсіби тәжірибесі туралы баяндап, педагог мамандарды даярлау саласындағы реформалар мен стратегиялар жайында ресми статистикалық мәліметтер туралы айтты. Оның айтуынша, еліміздегі орта білім ұйымдарында 400 мыңға жуық педагог қызмет етуде, олардың орташа жасы – 40.
Сонымен қатар, білім беру саласында әйелдердің көп екенін атап өтіп, ғылымдағы қыздар мен әйелдерді мерекесімен құттықтады. Педагогикалық мамандықта білім алатын және жұмыс істейтін мамандардың 80%-ы әйелдер екені де тілге тиек етілді.
Руслан Емелбаев түлектердің жұмысқа орналасуы, ҰБТ тапсыру және халықаралық олимпиадаларға қатысуға қатысты құнды кеңестер беріп, ұлттық педагогиканың тарихы мен ағартушылық ілімінің негіздері туралы да сөз қозғады.
Студенттер маманның мазмұнды дәрісін қызығушылықпен тыңдап, өзекті сұрақтар қойып, пікір алмасты.