shape
shape

Біз туралы

Біз туралы

    Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті  Мектепке дейінгі бастауышта білім беру, Педагогика және психология, Отандық және дүние жүзілік тарих, бойынша жоғары білікті мамандар даярлайтын аймақтағы негізгі орталық болып табылады. Мамандарды даярлау үш сатылы жүйе бойынша жүзеге асырылады: бакалавриат, магистратура, PhD докторантура. Оқу үдерісі барысында шет тілдерін меңгеруге, сапалы білім беруге, өзге ұйымдармен тығыз байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінген. Факультет түлектері ғылым мен білім саласында, әкімшілік-мәдени жұмыста, ішкі істер жүйесінде, ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінде сұранысқа ие.

  Республика мен аймақтың көрнекті саяси, қоғамдық, ғылыми қайраткерлерінің арасында біздің факультеттің түлектері бар. Мамандарды дайындау педагогика, психология, тарих бойынша іргелі білім бағдарламаларына негізделген. Факультетте 11 Білім беру бағдарламасы бойынша 580 білімгер бар. Оның ішінде Түркия, Қытай, Қырғызстан, Түркменстан, Ресей, Өзбекстан, Ауғанстан сияқты елдерден келген шетелдік білімгерлер бар. Студенттерге білікті оқытушы-профессорлар дәріс жүргізеді. Оның ішінде: 3 профессор, 21 ғылым кандидаты,  19 PhD докторы, 18 магистр аға-оқытушылар, 4 оқытушы, 2 практик маман бар. Маман дайындаумен «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру», «Педагогика және психология», «Тарих» кафедралары айналысады. Студенттер үшін арнайы жасақталған интерактивті дәрісханалар, соңғы үлгіде жабдықталған кітапхана, интернет сыныптары, спорт кешені, студенттік асхана, жатақханалар бар. Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті кәсіби дамуды жетілдіру, іргелі білім беру, гуманистік бағытта тәрбиелеу негізінде жоғары білімді, рухы биік, Отанын сүйетін, инновацияға ашық әрі бейім тұлға дайындауды негізгі міндеті деп біледі.