Тарихы
.png)
Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті 1991 жылдан, университет ашылғалы бері келе жатқан көне факультеттердің қатарында. Факультеттің атауы әр жылдарда құрылымдық өзгерістерге байланысты әртүрлі өзгеріп отырғанымен өзінің бастауын «Тарих» факультетінен алады. Факультеттің тұңғыш деканы т.ғ.д., профессор С.Мадуанов болса, одан кейінгі жылдарда факультеттің профессор Хусейн Север, профессор Ахмет Ташағыл, профессор Шефаатдин Севержан, т.ғ.к., профессор К. Жетібаев, т.ғ.к., Е.Төлегенов басқарды.
Факультет құрамында Жалпы тарих, Қазақстан тарихы, Түркі мемлекеттері тарихы, Археология, этнология және мұражайтану, Жалпы психология, Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедралары жұмыс жасады. Факультетте өңірге және туыс түркі мемлекеттеріне кәсіби білікті мамандар даярланды. Факультетте т.ғ.д., профессор М.Әбілтайн, Г.Чандарлыоглу, З.Исабеков, С.Ташенов, М.Адиханов, Т.Дәуірбаева, Ж.Жанпейісова және т.б. отандық және шетелдік белгілі тарихшы ғалымдар қызмет етті. Педагогика саласында п.ғ.д., профессор Л.Керимов, С.Құрбанқожаев, Б.Оспанова, С.Бабаев, А.Усманов, К.Ыбырайымжанов Қ.Т.Атемова және т.б. тәжірибелі, танымал педагог ғалымдар көптеген шәкірттер дайындады. Қазіргі кезде факультеттің құрамында 3 кафедра жұмыс жасайды. 2024 жылдан бастап факультетті Рhd доцент А.А.Құралбаева басқарады.Қазіргі кезде факультеттің құрамында 4 кафедра жұмыс жасайды. 2024 жылдан бастап факультетті Рhd доцент А.А.Құралбаева басқарады.