Еңбек нарығында сұранысқа ие, оқытушылық және психологиялық-педагогикалық кәсіби қызметті жүзеге асыруда бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті, білім бакалаврын даярлау.
Білім беру бағдарламасы кәсіби қызметке қажет іргелі білім, дағды және құзіреттіліктері; экологиялық, этикалық, құқықтық және ойлау мәдениеті; педагогикалық және психологиялық білімі мен білігі; жалпы адами және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтары қалыптасқан, Қазақстан Республикасының рухани жаңғыруын жеделдету және педагогикалық және психологиялық ресурстарды қолдану арқылы білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттарын арттыру мақсатында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген. Білім беру бағдарламасының пәндері еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіптік құзыреттерді қалыптастырады.