shape
shape

Бағдарламалар

Спорт және өнер факультеті / Бейнелеу өнері кафедрасы / Бакалавриат

6B01407 - Кәсіптік оқыту

Course Image Спорт және өнер факультеті Бейнелеу өнері кафедрасы

  • Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті.
  • тәрбие үдерісін ұйымдастыруды ретке келтіре отырып, көркемдік білім беру барысында заманауи инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданады.
  • Шығармашылық бірлестіктер мен одақтарды қоса алғанда, жастар ортасындағы көшбасшылардың жұмысын тиімді ұйымдастыру барысында перспектива, сызу, графика, тігін технологиясы, тамақтану мәдениеті бойынша кәсіби практикалық білімдерін көрсетеді.
     
  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін), (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
  • Kәсіби қызмет объектісі:
  • Жалпы білім беретін мектептер,  лицей, гимназиялар;
  • Оқу-өндірістік комбинаты, кәсіптік лицейлер, тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ететін және жұмысшылар мен мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау орталықтары;
  • Орта арнайы оқу орындары, колледждер;
  • Кадрларды қайта даярлау және кәсіптік бағдар берудің тұрғылықты және аймақ аралық орталықтары болып табылады.