shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және Жалпы ақпарат

2013 жылы қыркүйек айының 01-і жұлдызында Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми Кеңес шешімі негізінде Стоматология факультетінің құрамында «Адам патологиясы» кафедрасы ашылды. Кафедраның міндеті іргелі және клиникалық пәндер бойынша базалық және жоғары оқу орнынан кейінгі оқытудың бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз етуге, болашақ денсаулық сақтау мамандарын патологияның әртүрлі нысандарының алдын алу және емдеу принциптерін, әдістері мен алгоритмдерін анықтау мақсатында ғылыми негізделген ізденіс жүргізуге үйретуге арналған. 2023 жылы қыркүйек айының 01-і жұлдызында кафедра меңгерушісі болып магистр, аға оқытушы А.А. Кушкарова сайланды.

Оқу  процесін 15 жоғары білікті профессорлар, доценттер мен оқытушылар қамтамасыз етеді. Кадрлық құрамның негізін 1 м.ғ. д., 3 м. ғ. к. және 4 медицина магистрлері құрайды. Оқытушы-профессорлық құрамының ғылыми дәрежелілігі 20 % құрайды.

Кафедрада «6В10156» Стоматология және «6В10155» Жалпы медицина факультеттерінің III және V курс студенттері оқиды. "Патологиялық физиология", "Мүшелер мен жүйелердің патологиялық физиологиясы", "Патологиялық анатомия", "Мүшелер мен жүйелердің патологиялық анатомиясы", "Патология, оның ішінде ауыз қуысының патологиясы", "Сот медицинасы", "Медициналық патология" және "Медициналық практикаға кіріспе" пәндері бойынша сабақтар өткізіледі. Кафедраның клиникалық базалары университеттің клиникалық-диагностикалық орталығы және Облыстық патологиялық-анатомиялық және сот медициналық сараптама бюросы болып табылады.

Соңғы уақытта кафедрада жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша WOS, Elsevier және Scopus ғылыми-ақпараттық базаларына кіретін журналдарда 6 ғылыми мақала жарияланды. Кафедра қызметкерлері университетте жыл сайын өткізілетін студенттік ғылыми-практикалық конференция жұмысына белсенді қатысады. Жыл сайын студенттік ғылыми жұмыстар Республикалық Жас ғалымдар байқауына ұсынылады. Айта кету керек, медицина студенттері республикада да, жақын шет елдерде де өткізілетін конференциялар мен пәндік олимпиадалардың қатысушылары мен жүлдегерлері болып табылады.

Кафедра оқытушылары стоматология факультетінің IІІ курс студенттері арасында тәрбие жұмысын жүргізеді және 301-311 топтарының кураторлары болып табылады. Кураторлар кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес ашық кураторлық сағаттар өткізеді. Студенттердің рухани дамуы мақсатында келесі іс-шараларды өткізу жоспарлануда: "Ұлтымыздың рухани болашағы", "Абай мұрасы - ұлттық қазына", "Менің елімнің бақыты - Тәуелсіздік", "Мәңгілік ұлт - мәңгілік тарих".