Тарих және Жалпы ақпарат
Университет Сенатының 29.08.2016ж, 1-ші мәжілісінде талқыланып, 12.11.2016 жылғы Өкілетті Кеңістің 53-ші мәжілісінде қабылданған шешіммен 2017-2018 оқу жылынан бастап Стоматология факультеті ашылып, оның құрамына Медицина факультетінен Зертханалық пәндер кафедрасы ауыстырылды.
Кафедра болашақ дәрігер мамандарды дайындауда қажетті фундаментльды және базалық пәндер бойынша теориялық білім береді. Кафедрада 6В10188-медицина, 6В10189-Стоматология білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге арнайы жабдықталған лабораторияларды келесі пәндерден сабақ жүргізіледі: медициналық химия, медициналық биология, медициналық генетика, молекулярлық биология және медициналық генетика, биохимия, медициналық биохимия, ғылыми зерттеулерге кіріспе, зерттеу әдістері және презентация.
2018-2019 оқу жылынан бастап кафедраны техника ғылымдарының кандидаты Г.К.Айболова басқарып келеді. Дәрежелік – 66,7 % жоғары.
Кафедраға қатысты білім беру бағдарламалары:
- 6В10188-Медицина;
- 6В10189-Стоматология.